Саясат
Үндістан мен Пәкістан шиеленісі қайта жандануы мүмкін
Үндістан билігі Джамму мен Кашмир автономиясын алып тастады. Бұл штаттың халқының көбі мұсылмандар және осы аймақ үшін Үндістан мен Пәкістан арасында екі соғыс және бір үлкен шиеленіс орын алған еді. Ендігі жерде бұл шиеленістің қайта жандану қаупі бар.
Өткен ғасырдың екінші жартысында болған таулы Кашмирдегі жағдай БАҚ бетінен түспей келеді. Үнді елі мен Пәкістан арасындағы 1947 жылғы, 1965 жылғы және 1999 жылғы қарулы шиеленістердің себебі де осы аймақ еді. Өткен ғасырдың соңына қарай екі елдің де ядролық қару пайда болды.
Қалған уақытта да Кашмирдегі жағдайды тыныш деп атауға болмайды. Енді міне, Нью-Дели кашмирлік мұсылман саясаткерлерін де, Пәкістанды да ашуландыратын қадамға барып отыр. Бұның арты неге ұласатынын болжау қиын.
Тарихқа көз жүгіртсек, 1947 жылы Британдык Үндістанды бөлісу кезінде, мұсылмандар қоныстанған Кашмир Пәкістанға өтуі керек болатын. Алайда ол кезде, Кашмирдің басшысы, махараджа Хари Сингх еді.
Мұсылмандар қарсы болса да, ол өз жерлерінің Үндістан бөлігі болуды қалайды.
Қарулы шиеленіс орын алып, кашмир тайпалары пәкістандық әскердің көмегімен махараджаның жерінің үштен бірін тартып алады. Осы күнге дейін бұл жер Пәкістанның аумағы ретінде саналады. Ал майдан сызығы екі жақ та мойындамайты шекараға айналды.