Bugin

Қауіпсіздік сертификаты: Заңгерлер Tele2, Beeline және Kcell-ді сотқа берді

Ғаламторды өшіруіне тыйым салу керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық заңгерлердің бір тобы Bееline, Tele2/Altel и Kcell операторларын сотқа берді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған аталмыш мобильді операторлардың қауіпсіздік сертификатын орнату туралы талап қойылған хабарламалардың таратылып жатқаны себеп болған.

- Біз бұл мәселенің анық-қанығын білу үшін сотқа шағымданған едік. Әрі қауіпсіздік сертификатын орнатпаған жағдайда, операторлардың Ғаламторды өшіріп тастауына тыйым салғымыз келеді, - дейді заңгер Станислав Лопатин.

Әзірше тек Алматы, Қарағанды және Елорданың заңгерлері ғана шағым түсірген.

- Алматы мен Елордадан Beeline операторына, Қарағандыдан Tele2 операторына, Елордадан Altel мен Kcell операторларына шағым түсірілді. «Қазақтелекомға» әзірше шағым жоқ. Ол негізгі оператор емес, одан СМС хабарламалар келіп жатқан жоқ, - дейді заңгер.

Заңгерлер мобильді операторларды сотқа беру арқылы қоғам назарын аударуды, қауіпсіздік сертификатының заңсыз екендігін дәлелдеуді мақсат тұтқан.  

Ал Altel және Tele2 компанияларының PR директоры Олжас Бибанов болса, заңгерлердің бұл әрекеті шынайылыққа жатпайтынын айтады.

- Олар бізге тікелей шағымданған жоқ, сотқа барып шағымдануда. Мұндай арыз популистік сипаттамаға ие. Яғни, заңгерлер осы арқылы өздерін елге танытқысы келеді. Сол арқылы клиенттерінің арасында да танымалдыққа ие болатын сияқты, - дейді Бибанов.

Одан бөлек, компанияның ресми өкілі мемлекеттік қауіпсіздік сертификатын орнату мемлекеттік органдардың құзіретініне жататынын әрі бұған ұялы байланыс операторларының еш қатысы жоқ екендігін айтады.

- Абоненттерді хабарландыру операторлардың бастамасы емес, бұл заңнаманың талабы екендігін түсінгеніміз жөн, - деді PR директор.

Айта кеткеніміз жөн, бұған дейін халық арасында мемлекеттік қауіпсіздік сертификатына деген түсінбеушілік орын алғандықтан, Ұлттық қауіпсіздік комитеті де бұған қатысты түсініктеме берген еді.