Bugin

«Жөндеу жұмыстары үкіметтің бақылауында»: Вице-министр Арыстағы жағдайға түсініктеме берді

Үйлер кезең-кезеңімен жөнделеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елдің индустрия және инфрақұрылымдық дамыту вице-министр Қайырбек Өскенбаев Арыстағы үйлер жөнделмей жатыр дегенге түсініктеме берді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Вице-министрдің айтуынша, Арыста зардап шеккен үйлердің бірде-бірі назардан тыс қалмайды, барлығы жөнделетін болады.

- Арыста жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір 17 секторды жөндеу үшін 7 мыңнан аса жұмыскер жұмылдырылған. Біз қала тұрғындарын алаңдамауға шақырамыз. Жөндеу жұмыстары аяқталмай бірде-бір лауазымды тұлға орнынан кетпей, ақырына дейін болады, - деп мәлімдеді Өскенбаев.

Вице-министрдің айтуынша, қаладағы әрбір үй үкіметтің жіті бақылауында. Жөндеу жұмыстарын премьер-министр Асқар Маминнің өзі бақылап отыр.

Оның сөзіне қарағанда, қираған үйлерді жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі: алдымен үйдің шатыры жабылып, кейін терезесі ауыстырылып, ішкі жөндеу жұмыстары жасалады.

- Қалаға бұрын-соңды болмаған көлемде құрылыс материалдары тасылып әкелуде. 17 жұмыс штабы күшейтілген режімде жұмыс жасап жатыр, - дейді вице-министр.

Аталмыш министрліктің мәліметтеріне қарағанда, Арыста 6,7 мыңнан аса үйдің жөндеу жұмыстары аяқталған.

Айта кету керек, үкімет Арыс қаласандағы үйлердің барлығы бір айдың ішінде жөнделіп бітеді деп уәде берген еді. Алайда Арыс қаласының тұрғындары үйлер әлі жөнделмей жатыр, жөнделгеннің өзінде өте сапасыз деп мәселе көтеріп жатыр. Осыған орай, министрлік те түсініктеме бергенге ұқсайды.