Bugin

«Бізде ондай көлік жоқ»: Министрлік бір көліктің қос нөмірі жайлы

Елдің Ішкі істер министрлігі Тұрғымбаевтың мініп жүрген Lexus көлігінің «қос» нөмірі жайлы түсініктеме берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ведомстваның хабарлауынша, ішкі істер министрі тек бір ғана көлікпен жүреді. Ал ол көліктің нөмірі біреу ғана – 046 KZ 01.

- Ішкі істер министрі 046 KZ 01 мемлекеттік нөмірлі қызметтік көлікпен ғана жүреді. Бұл көлік балансқа 2013 жылы алынған болатын. Бұған дейінгі басшылық та осы көлікпен қатынаған. Басқа көлік жоқ, - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Айта кету керек, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауына Lexus LX570 көлігімен келген болатын. Алайда тілшілер бұл көліктің алдына бөлек нөмір, артына мүлдем басқа нөмір тағылғанын байқап қалған еді.

Zakon.kz