Саясат

Серік Аббас-Шах: ол кісіге бірдеңе деп қалғым келеді...

Күлесің бе, жылайсың ба?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде пайда болған екінші (төмендегі) бейнекөріністен түсінгеніміз: 
А) Біздің көкпаршылардың дайындығы болмаған (мүлде); 
Ә) Оларды кенеттен басталған соғысқа апаратындай топырлатып алып кеткен; 
Б) Ұйымдастырушылар мен команда басшыларының арасында тығыз байланыс болмаған. Барлығы асығыс-үсігіс жасалған. 
В) ... және де ең бастысы (көкпаршы жігіттердің өз сөздеріне қарағанда) команданың мұқтажына қажетті ақша бөлінбеген. 
Осыдан кейін Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан "ағайындар ау, бүтін елдің намысы додаға түскелі тұрған жарысқа дайындықсыз барғандарың қалай осы?" деп сұрағың келеді. Сұрауға біртүрлі ыңғайсызданасың. Өйткені Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының төбесінде мықты адам отыр. Мықты адамға мықты емес сұрақ қою - әдепсіздік. Бірақ тілің қышып бара жатса қайтесің енді? Екінші сұрақ аузыңнан шығып кете жаздап тұрады. Қандай сұрақ дейсіз бе? "Ақша қайда ағайын ау?" 

 

Бірақ әдепсіз әңгіме бастауға тағы да ұяласың. Өйткені бұл қауымдастықтың басшысы - намазxан адам. Ондай кісілер біреудің "ала жібін аттамайды". Сіздерді қайдам, өз басым солай ойлаймын. Өйткені иманды адамдар ешқашан өтірік айтпайды (почти), ешқашан жағымпазданбайды (почти), ешқашан ұрлық жасамайды (почти). Негізі - ұрлық жасау деген барып тұрған күнә ғой. Бекең секілді періште кісілердің күнәxар болуы мүмкін емес. Просто мүмкін емес. 

 

 

...ДЕГЕНМЕН ол кісіге БІРДЕҢЕ ДЕП ҚАЛҒЫМ КЕЛЕДІ: 

 

Сөзден қақалмайтын дүлділ шешен болсаңыз да шулы тақырыпқа қатысы жоқ адамдай үнсіз отыруды жөн көрдіңіз ау деймін, Беке. Жақсы түсінемін сізді. "Ит үре береді, керуен көше береді". Оның үстіне, спорттың аты спорт. Бірде олай, бірде бұлай. Бірақ мәселе жеңілісте ғана болып тұрған жоқ қой, Беке. Ішіңіз сезіп тұрған шығар оны? 
Осыдан пәленше жыл бұрын "Намыс" журналын жарыққа шығарған едіңіз (қазір оның бар-жоғынан xабарсызбын). 
Бір ғана сұрағым бар: басылымға атау болған қасиет-мінезді сол журналмен бірге жоғалтып алған жоқсыз ба? 
Соңғы екі жыл ішінде жігіттігіңізге, қайраткерлеріңізге, азаматтығыңызға қаншама рет сынақ туды. Оны дұшпанның "провокациясы" емес, Алланың (Аллаxтың) кезекті сынағы деп қабылдаған боларсыз. Соның бәрінен абыроймен өттім деп ойламайтын да шығарсыз? Бірақ кім біледі? Басқаша ой түйсеңіз, шамалы болса да қорытынды шығатын еді ғой. Сіздің орныңызда болсам әлдеқашан "отставкіге" кетіп қалар едім. Ал сіздің жампасыңызға "момент" желімі төгіліп кеткен бе, білмедім, орныңыздан тұра қоятын түріңіз байқалмайды. 
Әлгі автобус ішінде түсірілген атышулы бейнекөріністен кейін қалай шыдап отырғаныңызды (жатқаныңызды) білмеймін. Кіретін тесік болса кірсеңізші. Да сколько можно?! Ұят қой енді... Болмаса страус құсап басыңызды құмға тығыңыз. Бірақ қашанғы тығасыз? Ерте ме, кеш пе, бәрібір көтересің бас құрғырды. "Ауырын жасырған өледі" дейді. Масқара болғанымызды мойындайық. Сақал сипалап отыра бергенен ештеңе өзгермейді. Жіберген кемшілікті айтыңыз. Істей алмағаныңызды айтыңыз (ішіңізден). Ананы-мынаны сылтаурата бермей Ельцин құсап еркек тірлік жасаңызшы (үлгі болсын басқаларға). Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының тізгінін қолынан іс келетін (жігерлі, намысты, "екіаяқты") жігіттердің біреуіне тапсырыңыз (тек Дима Медведевті президентсымақ қылған Вова Путин сияқты болмай ақ қойыңыз. Күлкілі). 

 

Р.S. Қырғыз бауырымыз намыстарыңды оятыңдар деп қайрап жатса, біздің бір көкпаршы (сірә, команданың "идеологы" болса керек) оған дұға жасаңдар ақыл айтуда. Күлесің бе, жылайсың ба? Ну это уже диагноз!

 

Серік Аббас-Шах facebook парақшасынан алынды.