Bugin

Білім министрі оқулықтан қате тапты

Ағылшын сөздері қазақ және орыс тілдеріне дұрыс аударылмаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқулығынан қате тапқанын мәлімдеді.

- Оқулықтардың сапасына қатысты мәселе жыл сайын көтеріледі. Қоғам тарапынан көп сұрақ қойылып, сын-ескертпе жиі айтылады. Шыны керек, проблема бар, қателер кездеседі. Біреулер қате басылып кетті дейді, енді біреулер техникалық ақаулық деп ақталады. Алайда халықты бұл себептер қызықтырмайды. Халыққа сапалы оқулық керек, - деді Аймағамбетов астанада өткен жиында.

Министр өзі де мектеп оқулықтарынан қате тапқанын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, орыс әдебиеті оқулықтарында кейіпкерлердің біресе аты, біресе фамилиясы жазылады. Бұдан бөлек, ағылшын сөздері қазақ және орыс тілдеріне дұрыс аударылмайды.

- Мен өзім әдейі бірнеше оқулықты алып қарадым. Шынымды айтсам, өзім де бірнеше қате таптым. Ол қателер қайдан шығып жатыр? Министрлікке не істеу керек? Бүгін осы жайында сөйлесеміз, - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде оқулықтардың 40 проценті мектептерге жеткізілді. 1 қыркүйекке дейін осы жұмысты толығымен аяқтау жоспарланып отыр.

Sputnik Қазақстан