Bugin

Атамбаев қанша уақытқа қамалды?

Адвокатының пікірі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанның бұрынғы президенті 8 тамызда арнайы операция барысында ұсталған болатын.

Қырғызстанның бұрынғы мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаев Первомайский аудандық сотының шешімімен уақытша ұстау абақтысына қамалды. Адвокаты Сергей Слесаревтің айтуынша, экс-президент 26 тамызға дейін қамауда болмақ.  

Заңгердің айтуынша, экс-президент Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің 319-бабын (Жемқорлық) бұзды деген күдікке ілінгені туралы ІІМ хабар берген.

Әзірге ведомство ешқандай түсініктеме айтқан жоқ.

7 тамызда Қырғызстанның Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.

Ал 8 тамызда құқыққорғаушылар тағы операция бастап, 19.30-да Атамбаевты ұстады. Кейінірек наразылық білдірушілер күшпен тарқатылды. Соңғы деректерге сүйенсек, екі күндік қақтығыс салдарынан 85 адам зардап шеккен, арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.

Sputniknews.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61