Bugin
Өскеменде арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығы жоқ, бірақ қос бірдей қызмет көрсету кеңсесі бар
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comКеше әлеуметтік желіде құжат жасатуға келген өскемендік жүргізушілердің Халыққа қызмет көрсету орталығының есігін бұзып кіргені жайлы видео тарап кеткен еді. Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы бұған қатысты түсініктеме беріп, автокөлік иелерінің құжаттарын рәсімдеу үшін тағы да қосымша сектор ұйымдастырғанын жеткізді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалының хабарлауынша, 8 тамыз күні ХҚО-ға ерте келген халық кезекке таласып, орталық жұмыс кестесі бойынша ашылған сәтте есікті топсасынан шығарып жіберген. Қызмет алушы саны көп болғандықтан, олар ХҚО ашылмас бұрын келіп, өздері кезекке тұрған.
- Кезек санын азайту мақсатында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы қосымша секторды ашу жөнінде шешім қабылдады. Енді көлікті қайта тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметтерін Өскемен қаласындағы Қазақстан даңғылы, 159/4 мекенжайында орналасқан №4 бөлімде де рәсімдеуге болады, - деп хабарлады мекеме.
Айта кеткен жөн,1 шілдеден бастап ІІМ қабылдаған реформасына сәйкес, мамандандырылған ХҚО-дан полиция қызметкерлері жеке бэк-офиске көшірілген, сондай-ақ аймақтардағы тіркем-емтихан алу бөлімдері жабылған. Содан бері жүргізуші куәлігін беру, көлікті қайта тіркеуге қою өтініштерін мамандандырылған ХҚО қызметкерлері қабылдайды. ШҚО-да мамандандырылған ХҚО Семей қаласында ғана орналасқан. Ал Өскемен қаласының тұрғындары үшін №1 бөлім ішінен мамандандырылған ХҚО секторы ашылған. Онда өскемендіктерден бөлек, авто қызметтерді рәсімдеу үшін Глубокое мен Ұлан аудандарының тұрғындары келеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61