Bugin

Ірі көлемде тасыған: Елордалық жолсерік есірткімен ұсталды

Оның сыбайласы да ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

9 наурыз күні Елорданың темір жол вокзалында жедел іздестіру шаралары барысында есірткі тасымалдаған жолсерік ұсталған.

- Қызылорда-Көкшетау бағытында жүретін пойыздың жолсерігі болып жұмыс істейтін Қызылорда қаласының 43 жастағы тұрғынын тінту кезінде ірі көлемде есірткі тасымалдағаны үшін алған 80 мың теңге табылды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын ары қарай жалғастырып, күдікті сөмкені алуға келген 1982 жылғы азаматты та ұстаған.

- Жол сөмкесін тінту кезінде салмағы 3742 грамм болатын «кептірілген марихуана» табылды. Сол күні үлкен көлемде есірткі тасымалдағаны үшін қос азаматқа ҚР ҚК-нің 296-бабы, 4-бөлімі және 297-бабы, 2-бөлімі бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Тергеу барысында жолсеріктің есірткі заттарын Қызылорда қаласынан алып астанаға тасығанын мойындаған. Оған ірі көлемде есірткі тасымалдағаны үшін төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Ал екінші азамат үш жыл бас бостандығынан айырылды.

Айта кеткен жөн, пойыз жолсеріктеріне қатысты ашылған бұл бірінші қылмыстық іс емес. Бұған дейін «Тальго» пойызында әйел зорлаған жолсеріктің оқиғасы қоғамдық резонансқа айналған еді.

Tengrinews.kz