Экономика
Си Цзиньпиңнің "Қуатты ел 2050" жоспары жүзеге аса ма?
Трамп Си Цзиньпиңнің "Қуатты ел - 2050" жоспарын күннен-күнге қиындатты, деп хабарлайды "Bloomberg" сайты.
Сауда соғысына дейін Си Цзиньпиңнің Қытайды 2050-ші жылға қарай әлемнің ең дамыған экономикалық алпауыттарының біріне айналдыру жоспары тым сенімді болатын.
Ал қазір күн өткен сайын оның көрегендігінен менмендігі артып барады.
Дональд Трамп жағынан жасалған қысымның тоқтаусыз күшеюі Қытайдың 14 триллион долларлық экономикасына келген қиындықтарды көбейтіп жіберді. Мұндай қиындықтарға қарыздың көбейіп, рекордтық деңгейге жетуін, экологиясының ластанып, халық санының "қартаюын" жатқызуға болады. Осы арқылы елдің «орташа кіріс қақпанына» түсу, «бай елдердің даму деңгейіне жетпей жатып тоқырау» қаупі бар.
Өйткені:
Біріншіден, Қытайдың ІЖӨ (GDP) өсімі тұрақты түрде төмендеуде.
Экономистер Си Цзиньпиң үкіметі ішкі тұтынуды ұлғайту, сауда нарығын кеңейту және ұлттық технологиялық күшті жақсарту арқылы бұл тығырықтан құтылуына болады дейді. Бірақ бұл оңай емес. Нью-Йорк университетінің Штерн бизнес мектебінің профессоры, Нобель сыйлығының лауреаты Майкл Спенсердің айтуынша, 1960-шы жылдан бері дамушы елдердің тек бесеуі ғана дамудың жоғары деңгейін сақтай отырып дамыған елдер қатарына енген.
Екіншіден, Си Цзиньпиң де ішкі қысымның күшеюімен бетпе-бет келіп отыр. Әсіресе, Гонконгтегі наразылық пен 1 қазанда болатын Қытай Халық Республикасының 70 жылдығын атап өтуге дайындық жұмыстарына АҚШ-тың да қысымы тұспа-тұс келіп, елдің жағдайын біраз ушықтырып жіберді.
Әрине, Қытай бұл қиындықтан аман өту үшін әрекет етіп бағуда.
"China Global Times" газетінің ресми редакторы Ху Сицжин бейсенбі күні өзінің твиттерінде: «Қытайлық компаниялар түзетулерді тездетіп, жаңа экспорттық нарықтар құруда», - деп хабарлайды. Өйткені деректерге сәйкес, шілде айындағы Экспорт мөлшері күткендегіден асып түскен.
Қысқа мерзімде Қытай үкіметінің экономикалық өсу қарқынын жылдық мақсатты диапазонынан 6%-дан төмендетпей ұстап тұруға жеткілікті күші бар.
Сонымен бірге Си Цзиньпиң Қытайдың ұзақ мерзімді міндеттерін шешуде белгілі бір жетістіктерге жетті. Екі жылдан астам уақытқа созылған науқан елдегі қарыз нарығындағы ең нашар ысырапшылдықты жоюға көмектесті. Реттеуші органдар соңғы жылдары қатты ластаушы салаларда қатаң шаралар қабылдады. Қазіргі уақытта қызмет көрсету саласы ІЖӨ-нің жартысынан астамын құрайды.
Қытай сонымен бірге жергілікті жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға миллиардтаған доллар қаржы құйды. Сол арқылы жасанды интеллект және электромобильдер сияқты салаларда Батыс елдерімен бәсекелес болатын дәрежеге жете бастады.
Алайда, сауда соғысы Қытайдың Си Цзиньпиннің кейбір мақсаттарынан қаншалықты алыста жатқандығын анықтап берді. Оның ең жарқын мысалы, АҚШ-тың Huawei-ді қара тізімге енгізуі. Бұл Қытайды чемпионаттан аластатуы мүмкін, өйткені жергілікті “чиптің” дизайнының күрделілік жағынан Америка Құрама Штаттарымен салыстыруға келмейді.