Bugin

Украина жойылып кетуі мүмкін

Бұл туралы украин жазушыcы мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украиндық балалар жазушысы Лариса Ницой өзінің Facebook парақшасында елінің болашағы туралы ой қозғады.

Оның айтуынша, Украина жойылып кетуі мүмкін, оған себеп - жергілікті тұрғындардың өз мемлекеті мен танымал тұлғалар тарихына деген немқұрайлы қарауы. 

- Украина бір күні жойылады, қазірден жойылып барады. Ақырыңдап және білдірместен [жойылады]. Еріген қар секілді жоқ болып кетеді, - деп жазды Ницой.

Жазушы Украиндық БАҚ-тардың жазушы Пантелеймон Кулиштің туылғанына 200 жыл толуына байланысты қажетті көңіл бөлмегенін айтты. Оның айтуынша, халықтың көбісі осы жазушының еңбектерімен таныс емес, алайда "Высоцкидің кім екенін - барлық украиндықтар біледі". 

Мемлекетті жою үшін танкілер қажет емес, "украинша ойламай, көршінікін мақтап, көршінікімен қызығып, көршінікін дамытып, көршінікін зерттеп, көршінікін есте сақтау керек" деп айтты.