300-ден астам отбасы заңсыз әлеуметтік көмек алған - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Маңғыстау облысында 7400-ден аса отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады

Маңғыстау облысында атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған 346 отбасына қаражат артығымен төленген. Әсіресе, Маңғыстау ауданындағы әрбір төртінші жанұяда табыс көлемі қате есептелген. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы мәлім етті.

Қуаныш Берішбаевтың айтуынша, облыс тұрғындарының 6 пайызы, яғни 7406 отбасы АӘК алушылар қатарында. Бұл – кедейшілік деңгейінен төмен өмір сүретіндер. Оның 5 пайызына қаражат артығымен төленгені анықталып отыр. Бұл шамамен 10 млн теңге. Ал мұндай қателікке негізінен ақпараттық жүйе себеп болған.

Atameken Business
0 Пікір Кіру