Weekend

Үндістандағы ерекше мектеп: Оқудың ақысы қоқыспен төленеді

Әлемнің ең үлкен мәселесі – қоршаған ортаның ластануы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үндістан - бірегей ел. Аумағы бойынша жетінші және халық саны бойынша әлемде екінші орында тұрған, тез дамып келе жатқан экономикаға ие мемлекет. Бірақ соған қарамастан, халықтың көп бөлігі кедейшілікте өмір сүреді. Үндістандағы екінші үлкен проблема – қоршаған ортаның ластануы.

2013 жылы Нью-Йоркте тұрған үндістандық Мазин Мухтар ол жақта жүріп болашақ әйелі Парвита Сарманы кездестіреді. Олар бірге Үндістанға оралалып, кедейлерге арнап мектеп ашуды армандайды.

Үш жылдан кейін Мазин мен Парвита Үндістанға оралып, кедей балаларды тегін оқытатын «Акшар» атты мектеп ашады. Оқушыларға тек жалғыз шарт қана қойылды: ол күн сайын мектепке пластикалық қоқыстарды алып келуі тиіс болатын.

Үндістанда пластикті жағу – қалыпты жағдай, сондықтан ерлі-зайыптылар оқу ақысын қайта өңдеу орталығына жіберілетін қоқыспен төлеуді ұйғарады. Осылайша, олар балаларды ақысыз үйретіп, сонымен бірге туған елін пластиктен арылуға ат салысады.

- Бала күнімде көрші ауданның тұрғындары пластиктерді жиі өртейтіні еді әрі оның улы газы біздің сыныпқа кіріп, елдің мазасын қашыратыны әлі есімде. Пластиктерді жағу үндістердің әдеттегі ісі болатын. Біз бұны өзгерткіміз келді, сондықтан оқушыларымыздан оқу ақысының орнына пластиктерді алуды жөн көрдік, - дейді Парвита оқушы кезін есіне алып. 

«Акшарда» балалар ғана емес, олардың ата-аналары да оқиды. Ең басында олар мектеп иелерімен араласқылары да келмеді, бірақ пластиктің зияны мен оларды дұрыс жою (пайдаға асыру) туралы дәрістер бере бастағанда, көптеген ата-аналар өз балаларына қандай қауіптің төніп тұрғанын түсіне бастады.

Сабақ аяқталғаннан кейін көптеген оқушылар мектепте қалып, қоқыстың утилизациясына көмектеседі. Негізінен олар пластиктерді сұрыптап жинайды. Бірақ мектеп ашылғанға дейін балалардың көбі  шахтада күніне 2,5 долларға жұмыс істеуге мәжбүр болатын.

Ал Мазин мен Парвита оқушыларын шахтаға жібермей, мектептің өзінде жеңіл жұмыс істесін деген ниетпен ересек және озат оқушыларды жастары кіші оқушыларға сабақ беруге үйретеді. Бірақ оларға ақ төлеуге мүмкіндіктері болмайды. Сол кезде оқушыларға тамақ, киім немесе оқу құралдарын сатып алуға мүмкіндік беретін мектепішілік валютаны енгізу туралы шешім қабылданады.

Ал валюта жақсы оқыған, жақсы баға алған және кішкентайларды оқытқан, пластиктерді кәдеге жаратуға көмектескен балаларға беріліп отырды. Сондай-ақ оқушылардың жаман мінез-құлықтары мен түрлі теріс қылықтары үшін айыппұл салынады. Оқушы белгілі бір валюта санын жинаған соң және мұғалімге өз өтініш білдірген соң, мұғалімдер Amazon магазиндері арқылы балаларға қажетті дүниелерді сатып алып беріп отырған. 

Мектепте балалар математика, тіл және жаратылыстану пәндерін оқиды. Сонымен қатар, ағаш ұстасы, кесте тігу, қоқысты өңдеу, тіпті фотография бойынша да сабақтар жүргізіледі. Ұйымдастырушылар өздерінің бұл көзқарасы балаларды жауапкершілікке үйретеді және қазіргі заманғы проблемаларды көрсетеді деп есептейді.  Тіпті, оқушылардың кейбірі пластикті қалай өңдеуге болатындығы жайлы жобаларды да қорғап шыққан. 

ofigenno.com