Саясат
Сербия, Украина мен Ливияда жағдай Гонконгта да қайталануы мүмкін
Егер Гонконгтағы наразылықтардың кескіні, реңі мен АҚШ дипломаттарының қолдауы жетпесе, Вашингтонның алаңдаушылық білдірген сөздері айға созылған наразылық шаралары «түсті төңкеріске» барынша жақын екенін көрсетеді.
12 тамыз күні дүйсенбіде Трамп әкімшілігі «қос тарапты да күш қолданбауға» шақырған еді. Ақ үйдің атын атауды өтінген шенеунігі бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Америка Құрама Штаттары «демократияға ұмтылатындарды» қолдауға дайын екендігін жеткізді.
АҚШ президентінің жоғарғы заң шығарушы әріптесі және Сенаттың көп партия жетекшісі Mitch McConnell (R-Kentucky):
- Наразылықты күшпен басуға жол берілмейді... Бұл әлем назарында, - деп ашық айтты.
Жалпы, АҚШ-тың мұндай көтерілістерге бірінші рет араласып отырған жоқ. Тіпті, АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің де араласқан кездері болған. Мысалы, АҚШ дипломаты Джули Эаденың наразылық жетекшілерімен кездесіп жатқан жерін суретке түсіріп алған азаматтар бар. Ал Виктория Нуланд болса, "Майдандағы" наразылық білдірушілерге печенье таратқан көрінеді. Әрине, бұл үлкен іс болмаса да, дабыл қағу үшін жеткілікті еді. Ал Мемлекеттік кеңес бұл кездесуді жоққа шығармады және оны "америкалық дипломаттардың жасауға тиіс әдеттегі ісі" деп бағалады.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Морган Ортагус өткен аптадағы баспасөз мәслихатында: «Біздің дипломат өз жұмысын атқаруда, біз оның жұмысына жақсы баға береміз»,- деді.
Наразылық акциясының бастапқы мақсаты орындалуға жақын қалды десе де болады, өйткені Гонконг үкіметі құрлықта ұсталған саяси күдіктілердің Қытайға жіберуден бас тартып, бұл туралы заң жобасын уақытша тоқтатып тастады. Нәтижесінде наразылық білдірушілер кейбір шенеуніктердің биліктен кетіру мен үкіметке ауқымды саяси реформалар бастауға талап қоюға кірісті әрі бұл талаптар күн сайын күшейіп келеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Гонконг мәселесін айналып өтіп, оны Қытайдың ішкі ісі деп сипаттап, сауда шабуылына баса назар аудырып отыр. Десе де, Қытай жұртшылығы Вашингтонды Гонконгтің ішкі ісіне араласып, елді "түсті төңкеріс" жасап, дүрбелең туғызуға әрекеттеніп отыр деп айыптауда.
Әлемнің басқа елдерінде де "түсті төңкеріс" ұйымдастырылғаны сынды Гонконгқа да сондай технология қолдануда деп қорытынды жасап отыр.
Егер айыптау шын болса, бұл Қытай мен АҚШ арасындағы тығыз қарым-қатынас үшін және Гонконгтың өзі үшін де жағымсыз жаңалық болмақ.
Түсті эволюция - бұл АҚШ-тың стратегтері ойлап тапқан және дипломаттар мен Үкметтік емес ұйымдар жағынан жүргізілетін режимді өзгерту әдісі. Олар жергілікті халықтың наразылығына сүйенеді, қорларды көбейтеді және өздері құрған немесе бірлесіп таңдаған шағын топ белсенділеріне жәрдемдеседі. Басты мақсат - үкіметті наразылықтарды қатаң түрде жазалауға, сол арқылы заңсыз әрекеттер жасауға итермелеу. Сонда ғана мұндай қозғалысты «демократия және адам құқықтарын» жерге таптады деп айыптауға болады.
Бұл тәсіл 2000-шы жылы Қазан айында Сербиядағы төңкерісте де қолданылған болатын. Оны АҚШ дипломаттары бастап артынша ақпарат құралдары қостай жөнелген.
Осы көтерілістің кесірінен елдегі демократиялық институттары құлдырап, елдің экономикалық және саяси дамуы кері кетті. Ал Украина, Сирия немесе Ливиядағы жағдай мүлдем ушығып кетті: наразылық акцияларының аяғы азаматтық соғыс пен анархияға ұласып, ондаған мың адам қаза тапты.
Алайда бұлар АҚШ дипломаттары мен БАҚ немесе саясаткерлер үшін маңызды емес. Олар мұны «демократияның жеңісі» деп мәлімдейді және келесі мақсатқа көшеді. Осы сценарийді тағы бір жерде қайталайды.