Саясат
Тағы да Гонконгтегі жағдай туралы
Гонконгтағы жағдай "түрлі-түсті революцияның" басы болуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені ҚХР-ның Ресейдегі елшісі Чжан Ханьхуэй жасады, деп хабарлайды ТАСС.
- Мұны "түрлі-түсті революция" деп айтқым келеді. Бұған Батыстың сыртқы күштері араласып отыр, бұл қандай күштер екені айқын. Олар Қытайдың дамуына қиындық туғызу үшін, "Бір ел — екі жүйе" принципін бұзғысы келеді. Гонконг - американікі де, ағылшындікі де емес, қытайдікі. Біз бөгде біреудің біздің істерімізге араласуына мүмкіндік бермейміз, - деп атап өтті дипломат. Ол Батыстың күштері араласуды тоқтатпаса, "арты жаман болады" деп қосты.
Бұған дейін Қытай Гонконг портына екі американдық әскери кемеге кіруге рұқсат бермегені белгілі болған еді.