Weekend

Апта күндерінің сіз білмейтін құпиясы қандай?

Бір апта, яғни, жеті күннің өзіндік атаулары бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біздің сөздік қорымыздағы кірме сөздер қатарында күнделікті  өзіміз атап жүрген дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі сынды апта атаулар бар. Бұл атаулардың тілімізде игерілгендігі соншалық - кейде оның кірме сөз екендігін жай күндері байқай бермейміз.

Қазіргі күні тілімізде ауызекі түрде апта күндерін атаудың үш түрлі нұсқасы бар. Бірінші, көне ғадетпен, яғни, бірінші күн, екінші күн, үшінші күн, төртінші күн, бесінші күн, алтыншы күн, жетінші күн деп реттік сан есіммен атайды.

Екіншіден, понедельник, вторник т.б. апта күндерінің орыс тіліндегі аталымын қолдануды жиі кездестіреміз. Ең негізгісі ретінде ресми, әдеби нормаланған, парсы тіліндегі нұсқасы болып табылады. Ол - дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сенбі, жексенбі.

Әр сөздің соңындағы «сенбі» - парсының «күн» дегенді білдіретін «шамбэ» сөзінен келіп шыққан. Осылардың арасынан қай күннің атауы парсы тілінен енбегені де байқалып тұрған болар. Әрине, мұсылман үшін ең басты әрі ең маңызды күн ретінде саналатын «жұма» атауы араб тілінен енген.

Мағынасы «жиналу, бас қосу» дегенді білдіреді. «Кодекс кумманикус» қыпшақ тілінің сөздігі еңбегінде  жұманы «айна» деп атаған. Қазір сол түбірді түркімендер ғана сақтап, жұма күнін «анна» деп атайды.