Саясат

KAZ Minerals Тобы Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы жолдың жөндеу жұмыстарын қаржыландыруда

ШҚО

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Шығыстүстімет» ЖШС (Топтың құрамына кіреді) Өскемен-Риддер трассасынан бастап Малоубинка кентіне дейінгі тас жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстарына 183,8 млн теңге бөлді. Жөнделетін жолдың ұзындығы - 10,5 км. Компания 2012 жылы аталған жолды Юбилейно-Снегирихин шахтасының қажеттілігі үшін уақытша қолданысқа алған.  Кәсіпорын жұмысын тоқтатқан соң бұл жолды жөндеу туралы шешім қабылданды.

Компания бұған дейін де облыстағы жолдарды жөндеуге атсалысқан. Айталық, 2016 жылы облыстық маңызы бар Секисовка-Шемонаиха жолын жөндеуге 700 млн теңге бөлінген. Ұзындығы 54 км болатын бұл жол мемлекет балансында. Ал 2015 жылы «Шығыстүстімет» ЖШС Глубокое ауданының Предгорное ауылынан Алтай кентіне дейінгі жолды және Верхнеберезовский кентінің маңындағы Красноярка ауылында көпірді жөндеуге 77,5 млн теңге жұмсаған.

Соңғы бірнеше жылда компания Шығыс Қазақстандағы түрлі әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын қаржыландырған. Топтың қаржыландыруы арқасында Өскемен қаласындағы «Восток» стадионы, Семей қаласындағы «Спартак» стадионы жөнделіп, Жезкент кентіндегі Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Облыс орталығында екі хоккей модулі, Жекпе-жек сарайы, Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Мемлекеттік нышандар кешені, Нұрлы жол саябағы салынды. Семей қаласында спорт интернатының жатын ғимараты мен спорт мектебі жанындағы күрес залының қосымша ғимараты бой көтерді. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы ортопедиялық және травматологиялық операцияларға арналған жабдықтармен, Ана мен бала орталығы бронхоскопия жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Компания Республикалық гематология орталығының құрылысын қаржыландыруда.

КAZ Minerals– Қазақстанда, Қырғызстанда және Ресейде заманауи, ірі ауқымды, азшығынды карьерлік типтегі тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған, өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Компания операциялық іс-қызметін Павлодар облысындағы Бозшакөл және ШҚО орналасқан Ақтоғай ашық кеніштерде, сонымен қатар Шығыс Қазақстанда орналасқан үш кеніш пен үш кен байыту фабрикаcында және Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде жүргізеді. 2018 жылы мыстың жалпы өндіріс көлемі 295 мың тоннаны құрады, ілеспе өнім ретінде 50 мың тонна концентраттағы мырыш, 183 мың унция алтын мен 3,511 млн. унция күміс өндірілді. 2019 жылдың қаңтар айында Топ Ресей Федерациясы (РФ) Чукот автономиялы округіндегі Баимская мыс жобасын сатып алды. Баимская – ашық типтегі кеніш негізінде мыс өндіретін төмен шығынды әрі ауқымды тау-кен кешенін құру әлеуеті бар әлемдегі игерілмеген ірі мыс алаңдарының бірі.

Топтың жаңа өндірістік кәсіпорындары – Бозшакөл мен Ақтоғай – саладағы ең қарқынды даму көрсеткіштерін қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты қорының басым бөлігі әлемдік деңгейдегі ашық түрдегі кеніштерден тұратын компанияға айналдырды.

Операциялық шығындары бойынша Бозшакөл халықаралық мыс өндіруші кәсіпорындар арасында бірінші квартильге кіреді. Оның кен өңдеу қуаты жылына 30 млн тонна кенді құрайды. Кенішті пайдаланудың қалған мерзімі – 38 жыл. Кендегі мыс құрамы 0,37%. Карьер мен кен байыту фабрикалары өндірісті 2016 жылы бастады. Өндіріс көлемі – алғашқы 10 жылда жыл сайын 100 мың тонна катод эквивалентіндегі мысты және 120 мың унция концентраттағы алтынды құрайды.

Ақтоғай – карьер типтес ірі ауқымды кеніш. Ол Бозшакөлге ұқсас. Кенішті пайдаланудың қалған мерзімі (өндірісті кеңейтуді қоса есептегенде) - 27 жыл. Кендегі мыс мөлшері 0,36% (оксидті кен) және 0,33% (сульфидті кен). Ақтоғайда оксидті кеннен катодты мысты өндіру 2015 жылдың желтоқсан айында, ал сульфидті кеннен мыс концентратын өндіру 2017 жылдың ақпан айында басталды. Сульфидті кенді қайта өңдейтін бірінші кен байыту фабрикасының жылдық қуаты - 25 млн тонна. Сульфидті кенді өңдеу көлемі екінші кен байыту фабрикасы 2021 жылдың соңына дейін өндірісті бастағанда 50 млн тоннаға дейін жетеді. Ақтоғай кен орынының операциялық шығындары халықаралық мыс өндіруші кәсіпорындарының арасында бәсекеге қабілетті болып табылады. Жылдық өндіріс көлемі – 2021 жылға дейін орта есеппен сульфидті кеннен өндірілетін 90 мың тонна мысты құрайды. Екінші кен байыту фабрикасы өндірісті бастағаннан кейін 2022-2027 жылдар аралығында сульфидті кеннен жыл сайын шамамен 170 мың тонна мыс өндірілетін болады. Оксидті кеннен 2025 жылға дейін жыл сайын шамамен 20 мың тонна мыс өндіріледі.

Баимская лицензиялы алаңының аумағында орналасқан Песчанка кен орынының ресурстары JORC кодексіне сәйкес бағаланып, 9,5 млн тонна мыс, кендегі мыстың мөлшері 0,43% және кендегі алтынның мөлшері 0,23 г/т болатын 16,5 млн унция алтынды құрайды. Іске қосылғаннан кейін жоба алғашқы он жылдағы күтіліп отырған жылдық орташа көрсеткіштер - шамамен 250 мың тонна мыс және 400 мың унция алтын немесе мыс эквивалентімен есептесек, 330 мың тонна болмақ. Кеніштің пайдалану мерзімі 25 жылды құрайды және таза ақшалай өзіндік құны жаһандық шығындар қисығының бірінші квартилінде орналасқан. Жоба РФ-ның үкіметі экономикалық даму үшін стратегиялық маңызды деп анықтаған өңірде орналасқан. Мемлекет көліктік және энергетикалық инфрақұрылымды дамытып, салықтық жеңілдіктер беретіндіктен жоба артықшылыққа ие болады. Кенішті игерудің күрделі шығындары $5,5 млрд деп бағаланды. Қазір жоба техника-экономикалық негіздеме жасау кезеңінде. Топ талдаушылардың консенсус-бағасы мен тартымды ішкі табыс нормасы (IRR) аясындағы таза келтірінді құнның (NPV) айтарлықтай өсімін күтіп отыр. Баимская мыс жобасын іске асыру Топқа жоғары өсімін жалғастыруға мүмкіндік беріп, Топтың портфеліне ірі ауқымды, ұзақ мерзімді активті қосады.

KAZ Minerals PLC компаниясының акциялары Лондон және Қазақстан қор биржаларында айналымда. KAZ Minerals-та шамамен 14 000 адам жұмыс істейді, олардың басым бөлігі Қазақстан азаматтары.