Weekend
Осыдан бірнеше жыл бұрын Алматы тұрғындарының басты мәселесі – тарақан еді. Шақырылмаған қонақтан азық-түлікті қайда жасырып қоярын білмей, бас қатырып жүретін қала халқының кешегі күні келмеске кеткелі қашан...
Тарақан – ежелгi қанатты жәндiктер тобына жатады. Алайда, палеонтологтар оның палеозой заманындағы қалдықтарын тапқанда да сол миллион жылдығыдан бұрынғы қалпынан өзгермегенiн анықтап отыр. Бұл олардың кез-келген ыңғайсыз жағдайға төзiмдi екенiн айғақтайды.
Мәселен, олар адамға қарағанда кез келген радиацияға 30 есе шыдамды келедi. Тiптi, ядролық соғыстан кейiн де өмiр сүре бередi. Ал ендi олардың бүгiнгi таңда жоғалып кетуiн зерттеуге келгенде тиiстi орындар дәрменсiз. Мүмкін олар мына себептердің кесірінен жойылып кеткен болар?...
1. Байланыс құралдарының саны тым көбейгенде (радиацияның бөліну көптігінен);
2. Қаланың радиациялық және химиялық ластануының шектен тыс жағдайында;
3. Қала маңындағы әуе кеңістігінде озон қабаты тесілген жағдайда (таракандардың биоритмін бұзады);
4. ГМО өнімдері аса көп жағдайда болғанда (таракандар табиғи тамақ жейді);
5. Пластикалық және плассмассалық қалдықтар көп болса(таракандарға одан бөлінетін газ өте қауіпті).
Бейресми дерек көзіне сүйенсек, миллиондаған «армиясы» бар қара және сары тарақандардың саны едәуiр қысқарғаны рас екен.
Қара тарақандар — оның iшiнде ең кәрiсi. Ол моңғол-татар шапқыншылығы кезiнен бар екен. Оның Отаны – кiшi және Орта Азия көрiнедi. Ал, сарылары болса, ХVIII ғасырдың ортасында орыс жерiнде орыс-прус соғысы кезiнде пайда болыпты. Қара тарақан 1960 жылдардан кейiн жоғала бастапты. Олардың жоғалып кетуiне сары ағайындары – прусактар көп еңбек сiңiрген.
Ғалымдардың айтуы бойынша көптеген құстар тарақандарды қорек ету арқылы құс тұмауынан аман қалады екен. Яғни, тараканның бойында бұл індетке қарсы иммунитет бар деген сөз. Ал таракан жоқ аймақтар бұл індетке бірінші ұшырайтын көрінеді. Не десек те, 40 күн бассыз өмір сүре алатын, кез келген радиацияға 30 есе шыдамды жәндіктердің қаламыздан жұмбақ жағдайда орын ауыстыруы үлкен сұрақ.