Саясат
Бұл отарлаудың жаңаша түрі ме?
АҚШ ақпарат құралдары Ресей мен Қытайдың Африкадағы ықпалының артуынан алаңдаулы деп жазды, “The Intercept” ақпараттық сайты.
Өткен жылдың желтоқсанында ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон Трамп әкімшілігі мен Пентагон бірнеше рет Қытай мен Ресейдің Африкадағы ықпалын кеңейтіп жатқанын және АҚШ-тың ұзақ мерзімдік қарсыластары саналатын бұл екі ел АҚШ әскери операцияларына араласып, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне үлкен қауіп төндіреді деп бірнеше рет ескерту жасағанын айтқан болатын.
АҚШ-тың Африкадағы қолбасшылық штабының бұрынғы басшысы Томас Валдхаузер компанияны өткен айда жұмыстан кетіп, оның орнына келген Стивен Таунсенд үстіміздегі жылдың басында Конгресте көпшілік алдында осы мәселені көтерді. Екі генерал “ақпарат бостандығы” туралы заң аясында Африкаға Пекин мен Мәскеудің ықпал ету ықтималдығы туралы Конгреске жазбаша жауап жазуда біршама жетсітіктерге жетті. Жазбада Ресей мен Қытай Африкаға көбірек әсер етуі ықтимал, бұл Африканың 10-нан астам елін қамтып, Қытай африка құрлығында көптеген әскери база ашуы мүмкін делінген.
Пекин мен Мәскеудің Африкамен арадағы экономикалық қатынастары және дипломатиялық ықпалы тұрақты түрде өсті. Деректерге сәйкес, соңғы 40 жыл ішінде Қытай мен Африка арасындағы сауда 765 миллион доллардан 170 миллиард долларға дейін өскен, Африканың 54 елінің 39-ы Бейжіңнің «Бір белдеу бір жол» бастамасы бойынша инфрақұрылымдық жобаларға қол қойды. Еуразия, Таяу Шығыс және Африка магистральдары, темір жолдар, порттар мен құбыр желілері арқылы іске асатын сауда жоспары триллион долларды құрайды. Ал Ресейдің Африка елдерімен саудасы 2009-шы жылғы 5,7 млрд. доллардан 2017-ші жылы 17,4 млрд. долларға дейін өсті. Сонымен бірге Ресей ядролық инфрақұрылым мен технология саласындағы ынтымақтастықты және мұнай-газ саласына инвестиция салуды белсенді түрде арттыруда.
Сондай-ақ, екі ел де Африкада өздерінің мәдени ықпалын арттыруды мақсат етіп отыр. Бас штабы Бейжіңде орналасқан “Development Reimagined” халықаралық анықтамалық фирмасы жасаған мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда Қытай үкіметі демеушілік еткен қытай тілі мен мәдениетін насихаттауға арналған Конфуцзы институттарының саны 2004 жылдан бері 0-ден 48-ге дейін жеткен. AFRICOM құжатында аталған орталықтардың Африканың 20 түрлі елінде орналасқандығы айтылған. AFRICOM мәліметтері бойынша, Ресейдің «Русский мир» қоры - үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйым. Ол Африканың тоғыз елінде жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, Ресей мен Қытай Африка елдерімен қару-жарақ сату, қауіпсіздік келісімдері және әскери дайындық бағдарламалары арқылы күшті әскери байланыс орнатты. AFRICOM мәліметінше, Ресейдің жеке әскери компаниялары Африканың 15 елінде жұмыс істейді.