Ойындар

Өз өміріңізді жоспарлайсыз ба?

Назар аударыңыз!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осыдан 100 жылдан аса уақыт бұрын АҚШ-тағы «Bethlehem Steel» компаниясының жағдайы мәз емес еді. Президент Чарльз Майкл Шваб не істерін білмеді, өйткені қызметкерлері қанша тырысса да жұмыс өз жемісін бермей жатты. 

Сонда ол сол дәуірдегі ең танымал тұлға – тиімділікті көтерумен айналысатын арнайы маман Айви Лиге көмектес деп қолқа салады. Бірақ жұмыс нәтижесін үш айдан соң бағалайтынын, егер қанағаттанса ғана көрсетілген қызметке ақысын төлейтінін айтады. Сонымен, келісім шарт жасалады.

Ли компания қызметкерлерін әр күнді жоспарлауға міндеттейді. Егер олар жоспарлаған жұмыстарына үлгере алмаса, бұл келесі күнге қалдырылып, кезек күттірмес іс саналып, ертеңіне орындалатын болады. Сондай-ақ жоспарлаған тізімдегі бірнеше пункттер күні бойы міндетті түрде орындалуы тиіс деп жазылады.

Үш айдан соң нәтижесін көргенде, Шваб  Лиге риза болғаны сонша - ақысына 25000 АҚШ долларына чек жазып береді.

Бізге ештеңе төлеп те керегі жоқ қой, өзгелердің тәжірибесін қолдансақ болғаны. Бір апта ішінде не істейтініңізді жоспарлау, орындау барысында ретке келтіру аса қиын шаруа емес. Уақытты сауаттылықпен басқарып, тиімді қолдану оңай болмас, дегенмен, оның  оң нәтижесін көргенде, еңбегіңіздің еш кетпегеніне көзіңіз жетеді.

Бірақ өмірге сергек көзбен қарап, мүмкіндігіңізді ескеріп жоспарлағаныңыз жөн.

Ұғыныңыз, ұлы адамдар да қателеседі. Бенджамин Франклин өзінің әр күні немен айналысатынын бүге-шігесіне дейін жоспарлап, оның орындалуын айрықша қадағалаған. Алайда жұмыс барысы кейде бұған мүмкіндік бере бермеген. Сондай-ақ Франклин байқағандай, өзінің кейбір қасиеттерін дамыту тым ұзақ уақытын алып, оның толыққанды өмір сүруіне кедергі келтірген.

Мәселен, құнттылық, яғни, ұқыптылық. Ол өзі киімдерін жөндеп, жұмысқа түскі ас дайындап үнемдеймін деп шешеді. Нәтижесінде жеке жобаларын жүзеге асыруға уақыты жетпейді. Сол себепті неге басымдық беруді қайта қарау қажет.

Сіз оған емес, ол сізге жұмыс істейтін әдісті табыңыз. Егер жоспарлаған ісіңізді үлгере алмай, соған бола мазасыздансаңыз, жоспарыңызды қайта қараңыз. Бастысы, уақытыңызды бақылауға алыңыз, сонда босаңсуға, сылтау табуға мүмкіндік берілмейді. Нәтижесінде өнімді жұміс істейтін дәрежеге жетесіз. Бұл дегеніңіз, мансабыңызды жоғарылатуға да, өзіңіздің ішкі мүмкіндіктеріңізді ашуыңызға да әсер етеді.

Ендеше, жоспарлаңыз. Сонда аз уақытта көп іс тындыруға дағдыланасыз. Қабілетіңіздің қаншалықты екендігін шынайы көзбен бағалаңыз, бірақ шамаңыз жетпейтін жұмысты мойныңызға алмаңыз!