Экономика
Бұл кеңестер сізге үнемдеуге кәдімгідей көмектеседі
Жаңа оқу жылы. Жаңа белес. Осы маңызды кезеңге керек құралдарды алу балалар үшін үлкен мереке Түрлі-түсті бояулар, қымбат қарындаштар, кітап, дәптер, қаламсап. Осы тізімді таңға дейін жалғастыруға болады. Әрине, егер қалтаңыз көтерсе. Ал көтермесе ше?! Бір үйден бірнеше бала мектепке барса қаражат жағы қинап жіберетіні жасырын емес. Біз бүгін оқу құралдарын артық ақша төлемей қалай сатып алуға болатынын айтамыз.
Бұл кеңестер сізге сапаны төмендетпей, ақшаны үнемдеуге көмектеседі.
Үнемдеудің бірнеше жолдары бар:
1. Ревизия ұйымдастырыңыз
Егер сіздің балаңыз бірінші сынып оқушысы болмаса, одан әрі қолдануға жарамды мектеп құралдары оның сөресінде болуы мүмкін. Ескі қарындаштарды ұштап, аз қолданылған дәптерден бос беттерді жыртып алыңыз, қарындаш қорапшаны сабынды суға жуыңыз да, лас өшіргіштерді жуан қағазға тазалап алыңыз.
Қарап отырсаңыз заттардың үштен бір бөлігі бар сияқты.
2. Тізім жасап, оны нақты орындаңыз
Көп сатып алмау үшін сынып жетекшісінен қажетті кеңсе тауарларының тізімін сұраңыз. Дәптерлердің (12, 18 немесе 24) қанша беттік болуы керектігін, қанша қалам, қарындаш, тағы сол сияқты мектепке керек заттарды нақтылап сұрап алыңыз.
Егер мұғаліммен байланыс болмаса, параққа ең қажетті заттарды жазыңыз. Ешқандай жағдайда артығымен сатып алмаңыз. Егер қажет болған кезде жоқ заттарды алуға әрқашан уақыт болады.
Бірінші рет мектепке баратын оқушылар құралдарының шамамен тізімі:
Тор көз және жазу дәптерлер - 5-10 дана;
Дәптердің қабы - 20 дана;
Күнделік - 1 дана;
Сурет альбомы - 1 дана;
Көк түсті қалам - 3-4 дана;
Қара қарындаштар - 2-3 дана;
Түрлі-түсті қарындаштар - 1 жиынтық (бірінші сынып оқушысы үшін алты негізгі түс жеткілікті);
Түрлі-түсті қағаз және картон - 1 қорап;
Желім - 1 дана;
ПВА желімі - 1 бөтелке (20 мл);
Сызғыш - 2 дана;
Қайшы - 1 дана;
Ұштағыш - 2 дана;
Өшіргіш - 2-3 дана;
Қарындаш қап - 1 дана;
3. Глобустардан және кітап қойғыштан аулақ болыңыз
Мұның екеуі де мектепте бар, сондықтан сатып алмай-ақ қойыңыз. Бар дегеннің өзінде балалар оны көп қолдана қоймайды.
4. Соңғы күнге дейін созбаңыз
Алғаш қоңырауға дейін кемінде екі-үш апта бұрын тізім жасаңыз. Себебі дүкендерде қаптаған адам жоқ, тауарлардың ассортименті кең, ал сатушылар тауардың құнын көтермейді.
5. Басқа ата-аналармен топтасу
Тауарларды бірге сатып алу жекеден гөрі арзан. Барлық сыныппен бірігудің қажеті жоқ. Кішкентай сауда үшін үш-бес ата-анамен келісуге болады. Себебі жеңілдіктер 5–20% дейін болуы мүмкін.
6. Интернет-дүкендердегі жеңілдіктерді пайдаланыңыз
Сатылымдар мен жарнамаларды бақылаңыз. Сонымен қатар белгілі бір соммаға тапсырыс беру кезінде көптеген интернет-сатушылар жыл бойы жағымды бонустар ұсынады, мысалы тегін жеткізу немесе жеңілдік бағасымен сатып алу мүмкіндігі.
7. Баланы дүкенге ертіп шықпаңыз
Бала өзіне ұнайтынның бәрін алады. Олар көздің жауын алатын түрлі қажетсіз заттарға қызығып, тізімді бақылауға қиындық келтіреді.
Егер балаңыз осы процеске қатысқысы келсе, онда оған бірнеше оқу құралдарын (мысалы, сурет салу үшін альбом, сүйікті кейіпкері бар бір дәптер және папка) таңдауға рұқсат етіңіз. Бірақ негізгі заттарды өзіңіздің ақылыңызға сүйене отырып алыңыз.
8. Арзан затқа қызықпаңыз
Оқушыға өте жоғары сапалы заттар керек емес. Бірақ бұл барлық арзан заттар оған жарамды дегенді білдірмейді. Күдікті төмен бағалар сапасыздықты көрсетуі мүмкін. Қалам келесі күні жазбай қалады немесе киім-кешек, портфель дегендер жыртыла бастайды . Қарындаш қағазды жыртады, ал ұштағыш қарындашты ұштамайды. Нәтижесінде сіз көп төлейсіз.
Бұл кеңестер сізге сапаны төмендетпей, ақшаны үнемдеуге көмектеседі деп ойлаймыз. Жаңа оқу жылында барлық оқушыларға сәттілік тілейміз!