Денсаулық

Көз, құлақ, бас ауруы: Адамның мінез-құлқын қалай тануға болады?

Ойланатын мәселе

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денеміз бізбен үнемі сөйлеседі, әрбір клеткамыз әрбір ойымызға және әрбір сөзімізге жауап қатады екен. Керемет емес пе?!

Мәселен, қабағы қатыңқы адамның ішкі ойы көңілсіз екені айдан анық. Осы орайда, қариялардың жүзі өте қызық. Яғни, келбетіне қарап-ақ өмір бойы олардың ойлау жүйесінен көрініс көзге түседі.

Сіз қартайғанда, қандай боласыз, білгіңіз келе ме? Ендеше, көптеген аурулардың метафизикалық диагнозы мен менталды себептеріне назар аударыңыз.

Бас біздің кім екенімізді көрсетеді. Өйткені бас арқылы мынау әлемге таныламыз. Сол себепті егер басыңызда келеңсіз жайлар орын алса, демек, кінәні өзіңізден іздеңіз.

Шаш күш береді. Біз қатты қорыққанда, «болат белдік» жасаймыз, бұл дегеніміз, әдетте, иықтың бұлшық еттерінен басталып, ары қарай басқа, кейде көзге дейін созылады. Шаш түкті қапшықтардан біртіндеп өседі, егер қапшықтар бірден жабылып қалса, шаш жансызданып, түсе бастайды.

Егер денеміз үнемі ширығу үстінде бола берсе, бас сүйек босаңси алмайды, қорытындысында шаш өспейді. Яғни, таз боласыз. Соңғы уақытта еркектердің іскерлік әлеміне енгелі әйелдер де таз ауруына ұшырай бастады, бірақ мұны байқау қиын, себебі бүгінде париктердің көбі нағыз табиғи болып көрінеді.

Құлақ тыңдай білуді және естуді аңғартады. Адамның құлағында проблема бар болса, онда ол өз өміріндегі бір жайтты мүлде естігісі келмейді деген сөз. Құлақ ауруы – сіздің естігеніңізден қатты ашу-ызаға булыққаныңызды білдіреді. Әсіресе, балалардың құлағы жиі ауырады. Яғни, ол байғұстар өздері қаламайтын сөздердің бәрін үйінде естуге мәжбүр.

Бар ашуыңызды баладан алуға болмайды. Өйткені бала бір нәрсені өзгертуге дәрменсіз екендіктен, мұның соңы құлақ ауруына апарады. Кереңдік деген  ұзақ уақыт, мүмкін өмір бойы біреуді тыңдағыңыз келмегендіктен орын алады. Байқағаныңыз бар ма, есту аппаратын таққан адамның жанында келесі біреу тоқтаусыз сөйлеп жатады.

Көз көру мүмкіндігін айтады. Егер көзіңіз ауырса, әдетте бұл өз өмірімізде немесе өзімізде белгілі бір жайды көргіміз келмейтіндігін білдіреді. Егер көзілдірік таққан балақайларды көрсеңіз, демек, олардың үйінде көргісі келмейтін бір жайсыздық бар. Сол үйдегі жағдайды өзгерте алмайтын болса, көзінің анық көру қабілеті әлсірейді.

Өзімізді толыққанды сезіне алмасақ, бас ауырады. Келесі жолы басыңыз ауырғанда, бір мезет тоқтап, қай жерде және неліктен өзіңізді төмен сезінетініңізді сұраңыз. Өзіңізді кешіріңіз, төмен сезіну сезімі кетсін, сонда басыңыз да өзінен-өзі жазылады.

Ал басының сақинасы бар адамдар - барлық салада озат болғысы келетіндер, сонымен бірге бұл өмірге өкпесі көп, соның жиналып қалуынан ауыратындар дер едік.

Мойын мен тамақ өте қызық. Мойын – ойлау жүйесіне икемділікті, мәселені басқа қырынан көре білу және өзгелердің көзқарасын түсінуге деген қабілетті білдіреді. Егер мойныңыз ауырса, онда икемделуден бас тартқаныңыз әрі қасарысқаныңыз.

Тамақ болса, өзіміз үшін тұра білу, не қалайтынымызды сұрай алуды аңғартады. Тамақ ауруы «біздің құқымыз жоқ» деген сезімнен туындайды, өзімізді кем санағандықтан да болады. Ауру тамақ – үнемі наразылықтан пайда болады. Бұл суықтаумен қосылса, демек, тағы бір кедергінің кездескені.

Ларингит сіздің өте мейірімсіз, айтуға ауыз бармайтын күйіңізді білдіреді. Бұдан басқа мойын ағзадағы шығармашылық энергияның шоғырланған жері болып табылады. Тамақ баспасы немесе қалқанша безінің ауруы шығармашылық тұрғыдан өзіңіз қалаған жайды істей алмағаныңызды көрсетеді.

Өміріміздегі өзгерістің бәрі нақ осы тамақта орын алады. Ал біз өзгеріске қарсы болсақ, тамақ ауруына ұшыраймыз. Себепсізден-себепсіз өзіміз не өзгелер жөтеле бастағанда, назар аударыңыз, дәл сол сәтте не туралы сөз болып жатқан еді? Мүмкін бұл бірбеткейлік, қарсы тұру немесе өзгеріс басталғандығын білдіретін шығар?