Саясат

Батыс елдері Украинаға қатысты жылдам әрекет жасауы керек

Украинаға дер кезінде көмектесу керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

19 тамыз, дүйсенбі күні “Atlantic Council” сайтында Anders Åslund атты аталмыш сайттың аға ғылыми қызметкерінің “Батыс тез әрекет етіп Украинаға көмектесу керек” деген мақаласы жарық көрді.

Мақаланың негізгі мазмұны мынадай: 

29 тамызда жаңадан сайланған Украина парламенті жиналыс өткізеді. Бұл елде президентке, парламентке және жаңадан жасақталатын үкіметке байланысты өзгерудің ерекше мүмкіндігі келіп тұр. Осы тұста Батыс маңызды рөл атқара алады. Украинада терең реформалар жасауға мүмкіндіктер терезесі ашылды, мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Батыс осы мүмкіндіктен дұрыс пайдалануы керек.

Украинаның соңғы бес жылдағы ең үлкен сәтсіздіктердің бірі - жекешелендіру. Украинада әлі де 3350 мемлекеттік кәсіпорын бар. Оның ішіндегі ең құнды 100 кәсіпорынын мұқият жекешелендіріп, корпоративтік басқаруды жақсарту керек, қалған 3 250 компания немесе олардың қалдықтары мүмкіндігінше тезірек аукционға жіберілуі қажет. Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Дүниежүзілік банк және Америка Құрама Штаттарының халықаралық даму агенттігі бұл үдеріске мұқият кеңес беруі керек.

Ең маңызды халықаралық қаржы институты - Халықаралық валюта қоры болып табылады. Бақытқа орай, Халықаралық валюта қорының әрекеті өте жылдам. Жаңа үкімет құрылғаннан кейін қыркүйек айында Халықаралық валюта қоры жыл сайын кемінде 2 миллиард доллар несие беретін үш жылдық немесе төрт жылдық келісімшарт  жасауы тиіс. Украина қазірге дейін макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді жүзеке асыра алды, бірақ Ұлттық Банк пен Қазына министірлігі тұрақтылықты сақтау үшін этикалық, техникалық және қаржылық қолдауды қажет етеді.

Егер Украина бұл маңызды реформаларды осы күзде сәтті жүзеге асырса, онда қысқы инвестицияларға баса назар аудару керек. Украина жеке және мемлекеттік секторға ауқымды инвестиция салуы қажет. Атап айтқанда, Мемлекеттік секторларға Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі және Еуропалық инвестициялық банк айтарлықтай үлес қосуы керек. Ал жеке инвестицияларды дамыту үшін АҚШ-тың Экспорттық-импорттық банкі және шетелдегі жеке инвестициялар корпорациясы сияқты экспорттық несие және сақтандыру институттарының белсенділігін арттыру өте маңызды болып табылады.

Еуропалық Одақ пен Ұлыбританияның Халықаралық даму департаменті және Швецияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігінің атқаруға тиісті жұмыстары өте көп. Бүкіл Украинаның ұлттық әкімшілігі реформаны қажет етеді және орталықсыздандыруды сәтті аяқтау қажет. Әрине, білім мен денсаулық сақтау саласына реформа жасауға үлкен қажеттілік туындауда, алайда дәл қазір басты назар мемлекет негіздеріне аударылуы керек.