Bugin
Құрбан айтта өгіз сатып алу үшін қойылған ақша еді
Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Атамбаевтың құдасының үйінен 170 мың сом (2,5 мың доллар) және белгісіз адамдар мен оған төленетін қаржы сомасы, елдімекендердің тізімі жазылған қағаздар тапқан болатын. Ал қағазда 2,2 млн сом мен 318 мың доллар ақшаның шығыны мен жұмсалымы жайлы деректер жазылған еді.
Мұны ішкі істер органы Атамбаевтың наразылық шараларын ұйымдастыру үшін дайындаған қаражаты болуы мүмкін деген ой айтқан болатын.
Дегенмен Атамбаевтың үлкен ұлы Сейдібек Атамбаев атасының үйінен табылған қаражаттың мүлдем басқа мақсат үшін жұмсалмақ болғанын, нақтырақ айтақ, әкесі Құрбан айтта 10 өгізді сатып алу үшін дайындап қойғанын айтады.
- Әкем 1992 жылдан бері соғыс ардагерлеріне, зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасыларға, мүгедек жандарға көмек көрсетіп келе жатыр. Ал билік сол ақшаны бізден тартып алды, - деді Атамбаевтың ұлы.
Экс-президенттің ұлы бұл ақшаны әкесін қолдаған ауылдастарына таратып бермек болған.
- Адамдардың өздері бізге көмектесу үшін Қой-Тасқа келетін. Тіпті, ауылдастардың бірі жиналғандарға ыстық тамақ дайындау үшін қорасында тұрған малын бермек болды. Осындай шынайы жақтаушыларымыз бар болғанына Құдайға шүкір, - дейді Сейдібек Атамбаев.
Sputnik Қырғызстан