Weekend
Жылдам оқыған адам мәтінді де шапшаң түсінеді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com«Жылдам оқу» әдісі көз жүгіртіп оқу, көз жанары мен ақыл-ойдың дамуына пайдалы.
1. Адамдардың көпшілігі орташа жылдамдықта минутына 200-250 сөз оқиды. Бұл кітаптың екі бетін құрайтын үлгіге пара-пар.
2. «Жылдам оқу» әдісін қолданған кезде көз жанары аз шаршайды.
3. Адамдардың 2,5 пайызы өте баяу оқиды. Олар минутына небәрі 180-220 сөз оқи алады.
4. Мәтінді түсіну дәрежесі жылдам оқу кезінде әлдеқайда жоғары. Көз жүгіртіп оқу кезінде адам мәттіннің 80 пайызын түсінсе, кәдімгі, яғни баяу оқу кезінде 60 пайызын ұғына алады.
5. Орташа жылдамдықпен оқитын адамдар бір жолды оқыған кезде 14-16 рет көз тоқтатады екен. Ал жылдам оқи алатындар 2-4 рет қарайды.
6. Әдеттегі жылдамдықпен мәтін оқитындар бір мезетте 10 таңбаға көз қырын салса, жылдам оқи алатын жандарда бұл көрсеткіш 33-83 таңбаны көрсетеді.
7. Мәтін оқыған кезде көз жанарлары әр әріптің бөлек кескінін таратса, әріптердің бір бейнеге тоғысуын ми қызметі атқарады.
8. XVII ғасырда кітаптарды жылдам оқуға көмектесетін құрылғы жасап шығарылды. Өнертапқыш Н.Г. Де Сервьера су диірменіне ұқсас құрылғы ойлап тапты. Кітаптарға арналған тіреуіштер диірмен қалақшаларының қызметін атқарса керек.
9. Жылдам оқу техникасы туралы алғашқы мақалалар 1894 жылы жариялана бастады. Ал «Жылдам оқу» курстарын 1925 жылы АҚШ-тың Сиракуз университеті құрды.
10. Наполеон Бонапарт минутына 2 мың сөз оқыған деген деректер бар.
11. Жазушы Оноре Де Бальзак екі жүз беттен тұратын романды жарты сағатта оқыған.
12. М.Горький бір минутта төрт мың сөз оқитын болған.
13. Өнертапқыш Т. Эдисон бір мезетте кітаптың бірнеше жолын оқыған. Бұған қоса, ол бір-ақ рет оқылған мәтінді сөзбе-сөз қайталап беретін болған.