Bugin

Белсенді Арамасоваға оқ атқан адам ұсталды

Пневматикамен атқан

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Кеше Алматы облысының Талғар ауданы әкімдігінің алдында белсенді Галина Арамасоваға оқ атқан күдікті ұсталды.

Талғар аудандық полиция бөлімінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары Галина Арамасоваға оқ ату фактісі бойынша жедел іздестіру шарасы жүргізіліп, оқиғаға қатысты бар күдіктіні ұстаған.

Ол Талғар ауданының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Қолынан пневматикалық қару тәркіленіп алынды. Қазір тергеу амалдары жасалуда.