Weekend
Пластикалық ыдыстар 1990 жылдардан бері қолданылып келе жатыр
Пластикалық бөтелкелер мен контейнерлер құрамында "бисфенол" химиялық қоспасы кездесетіндіктен, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны пайдалану адам денсаулығы үшін аса қауіпті екенін хабарлауда.
Пластикалық ыдысқа құйылған суларда гормон жүйесіне әсер етіп, бедеулікке себеп болатын, балалардың жетілуін тежейтін, иммунитет жүйесін бұзатын және қатерлі ісікке себеп болатын уытты заттар бар.
Бүйректі зақымдайды
Егерде ыстық тамақты пластикалық ыдысқа салар болсаңыз, меламинінді (суда ерімейтін түссіз кристалл) арттырады. Ал меламин, бірінші кезекте, адамның бүйрегіне ауыр зақым келтіреді.
Гормон жүйесіне әсер етеді
Пластикалық ыдысқа мөлдірлік пен қаттылық қасиетін беретін «Бисфенол А» қоспасы қауіпті болып табылады. Ас арқылы денеге сіңген бұл химиялық қоспа гормондарға ұқсас келетіндіктен өсу гормоны, эстроген, тестестерон гормондарының бөлінуінің азаюына алып келеді. Бұл гормондардың азаюы әйелдерде де, еркектерде де бедеуліктің пайда болуына жол ашады.
Онкологиялық ауруларға себепші
Кофе және шай секілді ыстық сусындар үшін қолданылатын пластикалық стакандар кансероген заты ретінде белгілі бензолдан жасалады. Ең қаупітісі сапасыз ыдыстарды тұрақты пайдалану - асқазан қатерлі ісігіне алып келеді. Сондықтан пластикалық ыдыстардың ішінде ешнәрсені мұздатпау және ысытпау керек.