Саясат

Назарбаев-Тоқаев кикілжіңі немесе Саяси бюро отырысын шұғыл өткізуге не себеп болды?

Тоқаев пен сенаторлар арасында сызат бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осы сауалға жауап іздеп көрген «Немецкая волна» басылымына пікір білдірген саясаткер, "Новой газеты - Казахстан" газетінің бас редакторы Александр Краснер Назарбаев пен Тоқаевтың арасында әлдеқандай келіспеушілік пен көз арбасу бар екендігін айтады.

Саясаткердің ойынша, қыркүйектің алғашқы аптасына жоспарланған «Нұр Отан» партиясы Саяси бюро отырысының уақытынан ерте өткізілуі мен Назарбаевтың шетелдік және жергілікті шипажайда демалып жүрген басшыларды шұғыл жинауының астарында үлкен мән бар.

- Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде айтылып жүрген себептердің бірі – бұл Шымкент әкімін тағайындау кезінде болған жаңсақтық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың сенімін ақтай алмағаны үшін Әбдірахымовты орнынан алып тастаған еді. Ал оған дейін бір күн бұрын Назарбаев өз резиденциясында Тоқаевты қабылдаған болатын. Сол уақытта Шымкенттің әкімі болып Дариға Назарабаевамен жұмыс жасаған сенатор Асқар Бейсенбаевтың тағайындалғаны белгілі болды. Сенаттан тағайындалған тұлға - «солардың» адамы-тұғын. Осы күні шұғыл, ешкім күтпеген тағы бір жағдай болды. Яғни, президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Шымкентке аттанып, Тоқаевтың ұсынған үміткері Ерлан Айтахановты әкім қызметіне қойып қайтты. Ал «сенаторды» Беларуссиядағы елші қызметіне жіберді. Осы сәтте-ақ Назарбаев биліктің қолынан сусып бара жатқанын түсінсе керек. Бірден саяси бюро отырысын шақыруға көшті, - дейді Краснер.

Ал Саяси бюро отырысында болған «әңгіме» бәріне таныс. Елбасы мемлекетті басқарып отырған «нұротандықтар» екенін баса айтты әрі Шымкенттегі тудың жыртылуын да ишаралап айтқаны жай емес.

Осылайша екі басшы бір-бірінен реванш алған сынды көрінді.

- Бірақ осы жерде айта кетуге тұрарлық тағы бір қызық дүние бар. Тоқаев 23 тамыз күні Қарағандыға барған кезінде қызық мәлімдеме жасады. Сөз барысында Тоқаев Елбасының экономикада жеткен жетістіктеріне күмән келтіреді. «Соңғы жылдары инвестициясы 8 трлн теңге болатын 1250 кәсіпорынның ашылғанын, алайда оның барлығы экономиканың дамуына үлес қоса алмады» дегендей ишарат білдірді. Яғни, экономиканы дамытуға бағытталған Назарбаевтың бағдарламасы құр қағаз дегендей сыңай танытты. Бұл да Тоқаевтың кезекті реваншы сияқты, - деп ойын аяқтады Краснер.