Bugin

ШҚО тұрғындары масалардан құтылу үшін үйлерін тастап қашуда

Масалар адамдарды әбден талап бітті, сондықтан уақытша басқа ауылға, туған-туыстарына бара тұруға мәжбүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ШҚО-ға қарасты Күршім ауданының тұрғындары масалардың жыл сайын қаптайтынын әрі оған қарсы тұрар қауқар жоқ екендігін айтып шағымдануда.

- Ауылдың үстіне масалар төніп алған. Күндіз шыдауға болар, бірақ ауа-райы салқын, бұлтты болса, онда масаларға шіркейлер де қосылып, адамның ту-талақайын шығарады. Әсіресе, балалардың күйісі кетуде. Ауыз-мұрнымызды жауып, тор киіп жүрмесек, сыртқа да шыға алмаймыз, - дейді Боран ауылының тұрғыны Мирас Марқабаев.

Ауыл тұрғындары жергілікті биліктен көмек сұрай-сұрай шаршағандықтарын мойындайды.

- ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз ғой, технология бар. Ал биліктегілер масаның мәселесін әлі шеше алмай отыр. Өткенде масаларға у шашылғанымен, нәтиже жоқ, - дейді ауылдастар.

Күршім ауданының әкімдігі масаларды улау жұмыстары кеңес кезінен бері жасалмағанын мойындап отыр. Ал биыл қансорғыш жәндіктерді құрту үшін

бюджеттен шамамен 10 миллион теңге бөлінді. Бірақ шенеуніктердің өздері атап өткендей, нәтиже жоқ.

- Мамырда біз жәндіктермен күресу бойынша ауқымды жұмыстарды бастадық, - дейді Күршім ауданы ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Гүлдана Ермекова. - Жағдайды тұрақтандыру үшін үш ауылдық округ игерілді, бұл 11 гектардан астам жер, бірақ бұл шаралар нәтижесіз болды. Енді күзде тағы бір дезинфекция жүргізуді жоспарлап отырмыз. Масалардың жағдайын түсіндіру үшін жергілікті әкімшілік тіпті аймақтағы университеттердің бірінің ғалымдарынан көмек сұраған. Алайда олар әзірге ғылыми қызметкерлерден жауап алған жоқ.

Белгілі болғандай, Өскеменде жәндіктермен айналысатын ғалымдар жоқ. Жергілікті университеттің профессорлары масалардың табиғи құбылыс деп салғырт қараса керек. Енді күз келіп, Күршім ауданының тұрғындары біраз демалады. Себебі күн суытқан соң, масалар да азаяды.

Ал мәселе ауданда шешіле ме, жоқ па, келесі жазда белгілі болады.

Устинка Live