Саясат

Путин Ердоғанды қолында ойнатуда

Ресей мен Түркия президенттерінің артып келе жатқан тығыз қарым-қатынасында Ресейдің айқын басымдылығы байқалады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

3 қыркүйек, сейсенбіде, “ForeignPolicy” сайтында  Lehigh университетінің халықаралық қатынастар профессоры Henri J. Barkey-дің “Путин Ердоғанды скрипкаша ойнауда” атты мақаласын жариялады.

Мақаланың негізгі мазмұны мынадай...

Жақында сыртқы саясат туралы мақалада менің әріптесім Steven A. Cook  Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Вашингтонның алдында скрипка сияқты ойнап жүр деп жазды.

Бірде майдалап, бірде  қоқан-лоққы жасап, бірде айқайлап жүріп Ердоған Америка Құрама Штаттарын түрік шапқыншылығын болдырмауды мақсат еткен Сирияның солтүстік-шығысында келісім жасау туралы ұсыныс жасауға көндіре алды - бұл келісім күрдтердің есебінен болды, яғни ең үлкен ауыртпалықты күрдтер көтеріп, «Ислам мемлекетімен» (Қазақстанда тыйым салынған) күресті. Олар қазіргі әлемге белгілі ең қауіпті және қанішер топтардың бірін тоқтатты және жойып жіберді. Онымен салыстырғанда, түріктер бұл әрекетке айтарлықтай үлес қосқан жоқ.

Алайда егер Ердоған Вашингтонды өз айла-шарғысына көндіре алса, онда Ресей президенті Владимир Путин оны соңына дейін тартады (скрипкаша ойнайды).

Ердоған Мәскеудегі сапарын енді ғана аяқтады. Айлакер Путин түрік басшысына Ресейдің әскери техникасының, соның ішінде СУ-35 және СУ-57 Соғыс ұшақтарының әлеуетін көрсетті,  СУ-57 соғыс ұшағы АҚШ-тың  соңғы үлгідегі соғыс ұшағы F-35-ке төтеп беретін Ресейдің жауабы ретінде белгілі.

Ердоғанның Мәскеуге сапары Түркияға Ресейдің S-400 әуе қорғаныс батареясын жеткізгеннен кейін болды. Бұл батареялар ресейліктерге F-35 жасырыну технологиясын шешуге мүмкіндік береді, сол арқылы бүкіл F-35 жойғыш ұшақ бағдарламасының қауіпсіздігіне қатер төндіретіні туралы Анкараға бірнеше рет ескертілген болатын.

Бір қызығы, Түркия F-35 ұшақтарын сатып алушы ғана емес, сонымен бірге ұшақтың бірлескен өндірушісі еді. Вашингтон маңызды түрде түріктер үшін F-35 бөлшектерін, оның ішінде фюзеляж бөлшектерін жасауға мүмкіндік берген. Анкара экспорттық сатылымнан миллиардтаған доллар пайда тауып қана қоймай, қару-жарақ өнеркәсібінде құнды техникалық білім алар еді, бұл ұзақ мерзімді мақсат болатын.

Түркияның S-400-ді сатып алуы АҚШ-пен Түркияның қарым-қатынасын дағдарысқа ұшыратуы еш таңғаларлық жағдай емес. АҚШ-тың Түркияны F-35 бағдарламасынан шығарудан басқа таңдауы жоқ еді. Өйткені Түркия ескірген жойғыш ұшақ базасын жаңарта алмайтын болды, одан да маңыздысы, ол технологияны ауыстыру және экспорт арқылы миллиардтаған доллар табу мүмкіндігін жоғалтады. Керісінше, Путин НАТО-ның екі негізгі одақтастарының қарым-қатынасын бұзып қана қоймай, арадан миллиардтаған доллар пайда тауып отыр.

Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамп өзін құтқарады немесе америкалықтар өздеріне одан әрі қауіп төндірмейді деп сенуі мүмкін. Солай бола тұра, бұл бір ерекше шешім болды. Өйткені Путинмен бірге болған кезде ол қорғаныс саласының болашағына және Вашингтонның да ізгі ниетпен қарайтынына сенімді болды. Енді ол қазір Путиннің мақұлдауымен Түркияның Ресей әскери қаруларын сатып алуы туралы мәселені қарастырады, осылайша АҚШ-пен келіспеушілікті одан әрі тереңдете түседі.

Ердоған Путинге Түркияның ең маңызды қарым-қатынасын жоюға немесе одан бас тартуға дайын екенін білдірсе де, екі ел басшыларының Сирия мәселесінде толықтай келісе алмайтындығы шындық. Ресей мен Иран бірлесіп Сирия президенті Башар Асад-тың жиіркенішті режімін құтқарды. Ал түріктер көтеріліс басталғаннан бері Асад-қа қарсы оппозицияны, оның ішінде джихадтың белсенді құрамдас бөлігін де қолдады.

Асад билігі өз үстемдігін басқа жерде нығайтқан кезде Анкараның Идлибке назар аударатындығы сөзсіз. Өйткені өткен айда ғана осы аймақтағы түрік әскери конвойына шабуыл жасалған болатын. Шабуылдаған Путинның батасымен Сирия үкіметі басқарған ресей ұшағы болуы бек мүмкін. Бұл жолы Түріктің бронды машиналары арасында жүретін жүк көлігі шабуылға ұшырап, жолаушылары қаза болды. Шабуыл Түріктердің алға жылжуын тоқтатып, түрік бақылау бекетін оқшаулады. Алайда Түркия үкіметі Ресейдің әрекетін сәл ғана сынға алудан аса алмады. Бұл Ердоған мен Путиннің алғашқы кездесуі(қақтығысуы) емес еді...

Түркия Сириядағы қақтығыс шешілмейінше Идлиб провинциясы тәуелсіз анклав болып қала береді деп үміттенеді, бұл Сириядағы босқындардың Түркияға ағылу жағдайын жеңілдетеді. Жоғрыдағы барлық белгілер Сирия әскери одақтарының(Ресей де бар) Түркияның одақтастарымен және олардың жиһадшыларымен соғысып жатқанын білдіреді.

Ердоған Анкараға оралып, оны Мәскеудегі «үлкен жетістіктерін» жанашыр бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып жатқанда, Сирияның Идлибті бомбалауы қайта басталды. Путин Түркия президентін қалай ойнатуға және басқаруға болатынын жақсы білеін көрінеді; Ол Ердоғанды қызыл клемнен өткізіп, оған өзінің әскери техникасын көрсетуі оны Сирияда тағы да қыса түсу үшін болған сияқты.

Путин Ердоғанды қайдан көргісі келсе, дәл сол жерден табылады. Ол Ердоғанның оны сынауға батылы жетпейтінін біледі және Вашингтондағы  одақтастарынан айырылған Эрдоғанның мүмкіндіктері де шектеулі. Керісінше, Эрдоған мен оның үкіметтегі және ақпарат құралдарындағы қызметшілері АҚШ-ты Түркияның басты жауы ретінде айыптайды. Ердоған Вашингтонмен ойнап жүрген шығар. Шындығында осының бәрінен пайда тапқан Путин.