Weekend

Бүкіл адамзат баласының хаоста өмір сүріп жатқанына маркетологтар кінәлі

Бұл не қылған ғылым

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алдымен қысқаша анықтама. Маркетинг дегеніміз нарықтық қызмет саласы. Ал маркетолог дегеніміз осы нарықтағы қандай да бір өнімнің сатылуын, оның сәтті жарнамасын жасайтын тұлға. 

Маркетинг туралы алғашқы терминдермен студенттерге арналған лекциялар ХХ ғасырдың бас кезінде тарай бастады. Ал өндірістік салада ХХ ғасырдың 50-60 жылдары АҚШ ғалымдары мен ірі кәсіпорнындар бұл жаңашылдықты жаппай өз бизнестеріне енгізе бастады.

Адам қажеттіліктері шексіз негізінен. Бүгінде маркетингті қолданбайтын бір де бір бренд өнім жоқ. Оның негізгі концепцияларының бірі адамдар арасындағы тұтынушылық көлемін арттыру. Сәйкесінше, осы арқылы тауар қозғалысы мен түсетін қаржыны еселеп көбейту. Бұл не тағы деп отырған боларсыз?!

Білесіз бе қыз-келіншектер арасында "осы жылы қызыл түс мода екен немесе жасыл түс мода екен" деген әңгімелерді жиі естіп жатамыз. Бұл концепцияның сыры адамды жаңа сатып алым жасауға мәжбүр етеді. Өйткені былтыр қыз түстен көйлек, сөмке, туфли алған қыз-келіншектер сары түс мода болған кезде өзін былтырғы қызыл түсімен "дискомфортты" (сәннен қалып қалған) сезінеді. Қыз келіншектер көбіне жаңа һәм өзгеше нәрсені қалайды емес пе?!

Неге телефондарды бірден көп функциялы бірден көп камералы етіп жасамасқа,адам мүмкіндіктері шексіз емеспе... Мұның да өзіндік сыры бар. Мәселен бүгін iphone X немеса samsung брендін смартфонын қолданып жүрген қыз iphone xr ді қаншалықты тез жаңа шыққан кезінде сатып алғысы келеді. Былайынша айтқанда бұл құбылыс - брендомания. Бұл аурудың бір түрі. Иә, бәріміз келісейікші, бұл қазіргі жастар, қыздар арасында кеңінен таралған дүние ғой.

Тағы бір сіз білмеген құбылыс бұл қарапайым күнделікті тұтынатын кофе, шылым, газдалған сусындармен тамақ өнімдері арасында қолданылып жүр. Бұл медициналық-биологиялық процесстен өткен қоспа не ингредиент. Байқайсыз ба, қазір кез-келген газды суды ішсеңіз шөліңіз одан қатты қысып, құмарлық пайда болып, көбірек ішкіңіз келеді, шылымды тартсаңыз тағы тартқыңыз келіп тұрады. Бұл қулық тауарайналымын сондай ақ өнімге деген тәуелділікті арттыруға һәм көбейту үшін шығарылған әдіс.

Бұл маркетологтар біздің психологиямызбен біздің нені қалайтынымызды бізден жақсырақ біледі. Ал адамзат баласының хаоста жүруі бұл адамды техникаға бағындырып, болмашы бір заттарға,материалдық-қаржылық құндылықтардан басқа ештеңені ойлана алмайтын биороботқа айналдырып жатыр. Оған дәлел айналамызда толып-ақ жатыр. Қолына сеніп тапсырылған мемлекет қаржысын жымқырған шенеунік, су жаңа шыққан toyata camry автокөлігін аламын деп, заңнын қаталдықтарын ұмытып кетеді. Осы бір арзымайтын дүниелер мен жасанды брендтер үшін адамзат баласы үлкен тәуекелдерге барады. Ол үшін пайызы жоғары несиеде алуға дайын. Жасалып жатқан қылмыстар ше... Сайып келгенде адамзат өзінің қалауын, тұтынушылық қабілетін басқара алмай құрдымға кетіп жатыр. Және де рухани құндылықтар материалдық құндылықтардың кесірен әлсіреп, салтқа санаға, тілге, дінге, елге деген ұлтқа, өскелең ұрпаққа деген із қалдыру жайлы ойлардан ада һәм пәк ұрпақ, буын келе жатыр. Бұл буын - біздерміз.