Bugin

Қызықты кітапты қызықты әдістермен оқу

Немесе бестселлер жайлы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ХХ ғасыр - компьютерлік ақпараттық прогресс қатты дамыған алтын ғасыр. Онымен қатар бизнес, бизнесті дұрыс жүргізу, табыс табу тақырыбы айналасындағы теориялар жайлы том-том авторлық еңбектерді де кездестіруге болады. Сәйкесінше нарықта осы тақырыптар төңірегінле мыңдаған кітаптар жазылып, оқырман арасында кең сұранысқа да ие. Бұл кітаптар бестселлер деп аталады.

Бір кездері кітап атаулыдан жат болып, алысырақ кеткен Орталық Азия мен бұрынғы КСРО мемлекеттері, әсіресе Ресей, Қазақстан сынды елдерде кітап сату бизнесі біртіндеп дамып келеді. Бұрынғы кітап сататын шағын киоскі-дүкендер бұл күнде үлкенді-кішілі дүкендерге айналып жаға бір серпін тапқандай. Бүгінгі ең өтімді пайдалы бизнес түрі - осы кітап сату саласы.

Нарықтағы сұранысы басым кітаптардың көпшілігін бизнес, мотивация, қаржылық сауаттылық пен әлемдік миллиардерлердің еңбектері және осы сынды тақырыптағы кітаптар - ең өтімді кітаптар, яғни, бестселлерлер құрайды. Ал басқа да тақырыпты қозғайтын детектив классикалық жанрдағы кітаптарға деген сұраныс жоғарыдағыларға қарағанда едәуір аз.

Ал қымбатты оқырман! Мен сіздермен жалпы кітап оқудағы үздік кеңестеріммен бөліскелі отырмын. Кеттік.

1) Егер сіз кітап оқу барысында тез жалығып шаршайтын болсаңыз, кітапты қозғалыста жүріп оқуды ұсынамын. Мейлі автобуста, мейлі аялдамада. Тек ойыңызды жинақтап, айналаға көңіл бөлмегеніңіз жөн.

2) Егер сіздің қолыңызға парағы көп, бірақ қызықты кітап түсе қалса, оны оқып бітіруге еш асықпаңыз. Мейлінше, әр оқылған беттен максимум түрде көбірек ақпарат алуға тырысыңыз.

3) Кітап оқығанда күндіз 2 сағат, кешкісін 1 немесе 1,5 сағат оқығаныңыз абзал. Кітапты көп оқумен көзіңізді шаршатып алуыңыз мүмкін. Ал кешкісін көбірек оқылған кітап, көзіңіздің көру қабілетін төмендетені даусыз.

4) Егер сізде есте сақтау қабілетіңізбен қиындықтар болса, онда кітаптағы сюжетпен оқиғаларды мейлінше көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Бұл сіздің қиялыңызды ой ұшқырлығыңызды дамытуға септігін тигізеді.

5) Кітаптағы қолданылған қанатты сөздермен фразаларды,қызықты әзілдерді ішіңізден қайталап жүріңіз. Адам аттары болса мінезі суреттелген кейіпкердің бейнесін таныс адамдарыңызға, өзіңізге қойып көріңіз. Мейлінше көбірек. Ал қаржы, экономика саласында теориялық яки практикалық кітаптарда келтірілген мысалдар болса,онда оның шығарылу, құрастырылу жолдарын қарастырып, соған ұқсас, не сол теорияға қайшы мысал ия болмаса қарсы бір теория құрастырып көріңіз. Бұл өзіңізді тексеру.

6) Кітап таңдарда жазылу стилі жеңіл,күнделікті өмірде қолданылатын сөздермен жазылған кітап алуға тырысыңыз, алғашында. Соны оқып машықтаныңыз.

7) Сондай-ақ кітап сатып аларда қарапайым кітаптар таңдаңыз. Мұқабасы қарапайым, суреттермен азырақ көмкерілген. Таралым саны аз. Танымал емес. Өйткені су маржандары судың түбінде кездесетіні секілді нағыз қазына дәл осы кітаптарда болуы мүмкін.

8) Кітапты азанда ұйқыдан тұра салып оқығаныңыз тез есте қалады. Мейлі жарты сағат қана уақытыңыз болса да.

9) Кітапты аш жүріп оқыңыз. Бірақ әлсіреп қалмаңыз. Бұл әдістің де пайдасы бар. Өйткені денедегі артық заттар кітап оқуға кедергісін келтіруі мүмкін.

Сондай ақ ешқандай кітап сіздің (бестселлерлер) ақылыңызды толықтырып, сәтті бизнесмен, төрт түлігі сай адам болуға үйретпейді. Бұл кітаптар сізде тек белгілі бір деңгейдегі көзқарастар қалыптастыру мен ойыңызды дамытуға деген аз-маз үлесін қоса алады.