Жалғанбаған қоңырау

Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тағы бір жұмыс күні. Толассыз тіршіліктік ағынында балықтай жүзген біздердің, расымен, көп нәрсеге уақытымыз жоқ. Болашағымыздың кірпішін қалауға асығатын кінә бізден бе әлде жаһандану заманында асығып бара жатқан заманды кінәлаймыз ба?!

Жомарт әдетінше жұмыс орнында бастығы берген тапсырмаларды жасап отыр. Далада құйындаған дауылдың да, жаңбырдың да оған қатысы жоқ сияқты. Өзімен-өзі. Қабырғада ілулі тұрған сағаттың ғана тықылдаған дыбысы естіледі.

Жомарттың есімін жесір анасы халқына елеулі жомарт жан болсын деп ырымдап қойған. Анасы қазір ауылда. Қалаға баласы шақырғанымен үйренген қазақи ортаны, алыстан жақын көршілерін де қимайды. Сәті түскенде Жомарт ауылға, кейде анасы Алматыға келіп қайтатыны бар.

Жомарт осы жұмыста жетінші жыл қарымды еңбек етіп жүр. Жақында мансабы өсіп, жұмысы да көбейген еді. Қазіргі кестесі - таңертең оянып жұмысқа келіп, кешкі асын ішіп қайта түн тыныштығына сүңгу. Жеке өмірге де уақыты жоқ.

Бүгін кенет Жомарттың ойына анасына қоңырау шалмағанына көп болғаны есіне түсіп кетті. Мүмкін даладағы төгілген тамшылар анасының сағыныштан бұлаған көз жасын есіне салған болар. Бірақ телефон тұтқасын ешкім алмады. Бала көңіл алаңдай бастады. Бір сағат өткен соң тағы бір мәрте қоңырау шалып еді, тағы үнсіздік...

Жомарттың мазасы қаша бастады. Сөйтіп жақындай араласатын көрші апасына қоңырау шалып еді, анасы бірнеше күн бойы үйінен шықпады дейді. Терезесін қаққанымен ешкім есік ашпағанын айтты.

Маза қашты. Жұмыс жайына қалды. Жомарт асығыс офисінен шығып кетті. Тіпті ешкімге ескертіп те үлгемеген еді. Жолай жылдам ұшаққа билеттер қарап келеді. Билет жоқ. Кешкі автобуспен ауылға қайтпақ ойы бар. Себебі бала жүрек бір нәрсені сезіп тұрғандай.

Сүрініп-шалдығып қалтыраған қолдарымен әзер дегенде пәтерінің есігін ашып қалып еді, әдетте қараңғы бөлмеде шам жанып, бала кезден иісі таныс дәм шығады.

- Мама, кешіріңізші, хабарласпағаныма, - деп тізерлей анасының құшағына ене кетті.

- Балам, сені сағынғаннан ауылда отыра алмадым, - деп мейірлене басын сипады.

Жалғасы бар...

Ал Сіз Анаңызға қашан қоңырау шалдыңыз?