Денсаулық

Тұтығудан құтылудың жолы қандай?

Тұтықпа немесе кекештік - тіл кемістігінің күрделі түрі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адам сөйлеу кезінде жеке сөздер немесе сөз тіркестерінің 7-10 пайызын үзіліспен бөліп-бөліп қайталайтын болса, онда бұл қалыпты жағдай. Ал егер бір дыбысты, не бір буынды және сөздер мен сөз тіркестерінің 10 пайыздан артығын өз ырқынан тыс үзіліспен қайталаса, тұтықпа ауруына тән құбылыс. 

Сөйлеп тұрып, кекештеніп қалу сөз басында да, ортасында да, аяғында да болуы мүмкін. Сондықтан мұндай адамдар күнделікті өмірде белгілі бір ортада өздерін қолайсыз сезінуі мүмкін. Осындай сәтте диалогты тоқтату қажет.     

Тұтығу 2-5 жастағы балаларда көп кездеседі. Әсіресе, сөйлеу тілінің мүкістігі қыз балаларға қарағанда ер балаларда 4 есе жиі байқалады. Бұл дерттің алғашқы белгілерін (кей сөздері түсініксіз болып, бір сөзді қайталап, бала қатты қобалжи бастайды) дер кезінде байқаудың маңызы зор.  Тіпті кейде бала өз-өзінен тұйықталып, тілдесуден бас тартады. Сөйлеу қабілетінің бұзылуы мен түрлі тіл кемістіктерін емдеудің, уақытты өткізіп алмаудың қамын жасап, логопед дәрігерге жүгіну қажет.                                                 

Қазіргі таңда ғалымдар тұтықпа ауруының 2 негізгі типін анықтады. Бірінші типтегі балалардың жүйке жүйесінің зақымдалғаны байқалды. Бұл топтағылардың тұтықпа ауруына шалдығуының негізгі себептері тұқымқуалаушылық пен анасының жүктілік кезеңінің ауыр өтуі, бала туылғаннан кейін алғашқы айда денсаулығының тым әлсіз болып, түрлі ауруларға шалдығуы. Ал екінші типтегі балалардың жүйке жүйесі қалыпты жағдайда бола тұра, тұтықпа ауруына шалдығады.  Мұндай балалардың қатарына күйзеліске ұшырағандар немесе оқыс жағдайдан қатты қорқып психикалық тоқырауға душар болғандар жатады. Бала психикасы өте нәзік келетіндіктен, кез - келген еркінен тыс жасалған әрекет оған қатты әсер етеді.  Кейбір ата-аналар баласының солақай болғанын қаламайды да, оның ерекшеліктеріне мән бермей, өзгертуге тырысып бағады. Ал бұл өз кезегінде балаға үлкен эмоционалды соққы болғандықтан, тұтықпа ауруына шалдықтыруы әбден мүмкін.                                                          

Бүгінде медицинаның мүмкіндіктер аясы кеңейді. Сондықтан да, тұтықпа ауруын  тіл бұлшықеттеріне пайдалы жаттығулар жасай отыра, түрлі ем-шараларын қолдану арқылы емдеуге болады.

Мәліметтер medportal.ru сайтынан алынды