Bugin

Ойымызды өзгертіп өмірімізді өзгерте аламыз ба?

Манипулиция және бизнес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін не көп? Мотивациялық кітаптар, тренингтер көп. Қалай бақытты өмір сүру керек? Қалай сәттілікке жету керек? Бәрін үйретеді. Позитивті ойлау философиясы арқылы. Бұл дегеніміз - әрдайым оптимистік көңіл-күйде болып, негативті елемеу. Адамның басында болатын бақытсыздықтар, сәтсіздіктер сол адамның ойына байланысты. Бұндай жағдайға ұшырамас үшін әрқашан позитивті ойлау керек. Бұл философияның ұзын-ырғасы осыған саяды.

Бұл шағын ақпараттық материалда 3 нәрсеге тоқталғым келеді. 

1. Адам баласын түр ретінде сақтап қалған - қатерлі  жағдайлардан қауіптену инстинкті. Мысалы, алғашқы адамның өкілдері орманда бір бұтаның қимылдағанын көріп, мынау аю келе жатқан деп сақтанады, соған сай әрекет жасай бастайды. Ал "мына бұта қозғалатын сияқты, бір хайуан шығар, қашайық" деген жолдасына позитивті ойлайтын досы "Қой, сен позитивті ойла. Сен хайуан деп ойласаң, хайуан боп шығады" дейтін болса не болар еді. Әрине, бұл қисын десек те, адамды сақтап қалған қауіптену инстинкті. Адам әрдайым позитивті ойлай алмайды. Бұл өзін-өзі алдау. Және бұл өте терең депрекссияға соқтырады.

2. Бұл тенденция өткен ғасырдың 70-80 жылдары кең тарала бастаған. Батыста, Америкада дәлірек. Д.Карнегидің кітаптарынан кейін. Соңғы зерттеулер бұның көпшілікті басқару үшін жасалатын айла-тәсіл екенін айтады. Яғни, адам өзінің кедейлігі үшін болсын, елдегі экономикалық жағдайдың нашарлығы, саясаттың дұрыс еместігінің әсерін байқамайды. Оған дұрыс позитивті ойламағандығы кінәлі болып шығады. Және өзінің қажыр-қайратын пайдаланбай отырғанын да көрмейді. Әрі бұл - ақша. Позитивті философия туралы қаншама кітап, фильмдер шықты. Әрине, олар тегін таратылмайды. Бизнес-тренерлер көбейді. Қалай бақытты өмір сүруді, бизнесті қалай дөңгелетуді үйрететін бизнес қалыптасты. 2008 жылғы экономикалық дағдарысты болжаған қызметкерлерін негативті ойлағаны үшін жұмыстан шығарғандар да болған. Бірақ ол дағдарыс болмай қойған жоқ. 
3. Неге позитивті ойлау сонша кең тарады деген сұрақ туады. Бұл адам табиғатына байланысты. Адам сенеді. Сенім - адамға өте қажет нәрсе. Қанша заманнан адам баласы сеніммен өмір сүріп келеді. 
Мысалы, дінді алайық. Діннің Тәңіруи болмысы бар. Ол анық нәрсе. Бірақ оның адамдар тарапынан қоғамдағы тепе-теңдікті ұстап тұру үшін толықтырылған функциялары бар. Адам баласы жақсылыққа, жұмаққа сенеді. Бұл өмірде жолы болмаған, бақытсыз адамдар о дүниеде жұмаққа баратынына сенеді. Өзін жұбатады. Позитивті ойлауға сену де осы сияқты. Жақсылыққа жеткісі келеді. Оған төте әрі оңай жол позитивті ойлау. Сәтсіз болып жатса, ол дұрыс позитивті "настрой" жасай алмағаныңыздан. Дұрыстап ойлау керек. 
Осылай жалғаса береді. Ал адамды алға жетелейтін оның әрекеті екені естен шығып кетіп жатады.