Саясат
Ата-анаңды сыйла, құрметте
Соңғы кездері мені бір өте ауыр ауық ой мазалап жүр. Қуана мәз бола қалсам, осы ой кенет ойыма орала кетеді. Күлкім сол мезетте сап тиылады. Айтуға да ауыр ой. Бірақ айтпасқа лажы жоқ. Себебі қатары көбейіп кетті.
Ата-ана туралы байырғы кезге көз жүгірсек. Халқымыз қашанда әке мен ананың рөлін жоғары қойған. Әкені сыйлап, ананы құрметтеген халық едік. Әкем айтып отырушы еді "бұзықтық жасап қойсақ анамыз әкеңе айтамын" деген де өңіміз өзгеріп, тынысымыз тарылушы еді.
Қазір бұл тек бізге аңыз әңгіме болып қалды. Тек қиял-ғажайып ертегі іспетті. Бір кісі айтып еді: әкесі ұлының тәртіпсіздігі үшін жазаламақ болыпты. Қолына белбеуін ала бергені солақ еді. Әкесін ұрып талдырып жыққан екен. Бұл не деген сұмдық?! Қолым қалтырап осы оқиғаны әрең жаздым, шын сөзім.
Ол ол ма, аналарына қол көтеретін есалаңдар шығыпты. Тоғыз ай, тоғыз күн қинала дүниеге әкеліп, өсірген анасына қол көтеру қандай арсыздық. Одан қалғаны "қарттар үйіне" тапсыру әдет болып барады. Ауылымызда беделді бір кісі болатын. Қартайған шағында баласы қалаға алып кеткен еді. Сол жылы қарттар үйіне тапсырыпты. Ех өкінішті.
Жүрегінде ата-анаға мейірімі бар, жастар жазамыз бірақ оқылып жатыр ма? Оқылмай жатыр ма? Бәрі бақылап тұрған тек бір Жаратушыға аян...