Саясат

Террористер Ресей шекарасында республика құрды: Қазақстан көмекке келді

Ресей полигондарында жеті елдің 130 мыңға жуық әскери қызметшісі қатысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оқу-жаттығудың аңызы бойынша, террористер Каспий маңындағы Ресей шекарасына жақын жерде өзін-өзі жариялаған республика құрды. Экстремистермен күресуге жүз мыңнан астам әскери және 20 мың дана техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығуларға Ресей әскерилерімен қатар Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Пәкістан әскери қызметшілері де қатысуда.

Оқу-жаттығулары аясында "Искандер-М" жедел тактикалық зымыран кешендерінің топтары Свердлов облысынан Қазақстанда орналасқан "Сарышаған" полигонына ауыстырылды.

Сондай-ақ, қазақстандық әскерилер Каспий теңізінде жаттығу өткізуде – Қазақстан тарапынан "Қазақстан", "Орал", "Сарыарқа" және "Маңғыстау" зымыран-артиллериялық кемелері жұмылдырылды.