Саясат

Иран мен Сауд Арабиясы бір-бірін неліктен жау санайды

Соңғы уақытта екі ел арасындағы жағдай ушығып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сауд Арабиясы мен Иран неге ортақ тілді таба алмайды?

Сауд Арабиясы мен Иран - екі қуатты көршілес елдер - өңірдегі басымдық үшін күрес жүргізуде.

Оның үстіне, діни қарама-қайшылық та ондаған жылдарға созылған текетірестің негізгі себебіне айналып отыр.

Бұл елдер исламдағы екі түрлі ағымды ұстанады - Иранда негізінен шиіттер тұрса, ал Сауд Арабиясы сунниттік исламның көшбасшылары саналады.

Таяу Шығыстың картасына қарасаңыз, діни келіспеушіліктердің мәні түсінікті бола кетеді. Себебі ондағы халықтың көпшілігі - сүнниттер немесе шиіттер. Олардың кейбіреуі Сауд Арабиясын немесе Иранды өзінің рухани бағдары деп санайды.

Ислам пайда болған аумақты алып жатқан Сауд Арабиясы - ежелден өзін ислам әлемінің көшбасшысы деп санаған.

Бірақ 1979 жылы Иранда Ислам төңкерісі жүзеге асып, нәтижесінде аймақта теократиялық мемлекет пайда болып, оның басты мақсаты осы модельді басқа елдерге экспорттау болды.

Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы қарым-қатынас соңғы 15 жылда аса шиеленіскен.

Неге жағдай кенеттен нашарлады?

Стратегиялық күрес күшейе түсуде, себебі Иран көптеген көрсеткіштер бойынша өңірлік күресте жеңіп жатыр.

Сирияда Иранның (және Ресейдің) қолдауының арқасында президент Башар Асад Сауд Арабиясы қолдаған оппозиция күштерінің басым бөлігін басып тастады.

Саудтықтар өсіп келе жатқан Иран ықпалын тырысып бағуда. Жас және импульсивті мұрагер ханзада Мохаммед бин Салманның милитаристік авантюризмі аймақтағы шиеленісті күшейтуде.

Сыртқы ойыншылар да бар. Бір жағынан, Сауд Арабиясын Дональд Трамп әкімшілігі қолдаса, екінші жағынан Ираннан қорқатын Израиль белгілі бір дәрежеде саудиялықтардың Иранға қарсы күресін қолдауда.

Израиль Сириядағы Иран бақылауындағы әскери күштер ел шекарасына жақындайды деп қауіптенеді.

Өңірде кім кімнің досы болып табылады?

Таяу Шығыстың стратегиялық картасы сунниттер мен шиіттердің бөлінуін көрсетеді.

Сауд Арабиясының одақтастарының арасында суннит елдері – БАӘ, Кувейт, Бахрейн, сондай-ақ Египет мен Иорданияны атауға болады.

Иранның одақтастары – Сирия үкіметі. Иран қолдаған шииттер тобы, соның ішінде "Хезболла" тобы қарулы қақтығыста оппозиция күштерімен, көбінесе суннитпен күресте маңызды рөл атқарды.

Негізінен шииттерден тұратын Ирак үкіметі Иранның жақын одақтасы болып табылады.

Суық соғыстың баламасы

Көп жағдайда бұл көп жылдар бойы жалғасқан АҚШ пен КСРО арасындағы суық соғыстың аймақтық баламасы.

Иран мен Сауд Арабиясы бір-бірімен ұрыс қимылдарын жүргізбейді, бірақ олар қолдайтын күштер аймақтағы қарулы қақтығыстарға қатысады.

Сирия – айқын мысал. Йеменде Сауд Арабиясы Иранды хуситтер тобына баллистикалық зымырандарын ұсынғаны үшін айыптады. Зымырандар Сауд Арабиясы аумағына қарай атылды. Бұл жағдай екі ел арасында сөз соғысын күшейте түсті.

Соғыс бола ма?

Осы уақытқа дейін Эр-Рияд пен Тегеран делдалдардың қолдарымен соғысты. Екі державаның ешқайсысы екіншісімен тікелей қақтығысқа дайын емес. Алайда,Хуситтердің жақында орын алғандай, ірі өнеркәсіптік объектіге шабуыл жасауы бұл балансты бұзуы мүмкін.