Bugin

Тоқаев: Бос жатқан жерлер алдағы 10 жылда таратылады

50 млн гектар жер бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласына заманауи агротехнология мен инновацияны белсенді түрде енгізу керектігін мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапары барысында жергілікті шенеуніктермен, фермерлермен кездесіп, агроөнеркәсіпті дамыту бойынша мәселелер көтерді. Ең алдымен, әлемде тұрақты әрі жоғары сұранысқа ие тиімділігі жоғары дақылдарды (жасымық, зығыр, соя) өсіруге көшу керектігін атап өтті.

– Үкімет агрохимия қызметін күшейту, гербицидтердің, минералды тыңайтқыштардың және элиталық тұқымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде түбегейлі шаралар қабылдауы қажет, – деді Президент.

Баяндамада мал шаруашылығын дамыту мәселесіне зор көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы қой етін, құс етін, қозы етін өндірудің, сүтті мал шаруашылығын дамытудың және мал шаруашылығы өнімін экспортқа шығару ісін ілгерілетудің келешегі бар деп есептейді. Сонымен қатар Президент Үкіметке жем-шөп бағасының жоғары болу себебіне қатысты мәселені түбегейлі реттеуді тапсырды. 

 Ауыл шаруашылығы жерлері ішінара түгенделіп, пайдаланылмай жатқан 16,5 млн га аумақ анықталды. Үкімет барлық ауыл шаруашылығы игілігіндені жерлерді анықтап, жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландыруы керек. Сонымен қатар, түрлі бағыттағы ет кластерлерін дамыту қажет. Атап айтқанда, қой шаруашылығын, сүт өндіруді және құс шаруашылығын өркендетуге тиіспіз. Сүт өнімі мен құс етін өндіруді екі есе арттырсақ, бүгін біз импорттап отырған қосымша 500 млн доллар өнімін алуға болады,  деп жазды Президент Твиттердегі парақшасында.

Президенттің пайымдауынша, мал шаруашылығын дамыту мақсатында жайылым жерлерді кеңейткен жөн.

 Жайылым жерлерінің кеңдігі бойынша Қазақстан әлемдегі бес елдің қатарына кіре тұра оның 40 пайызын ғана пайдаға жаратып отыр. Фермерлер үшін мұндай жерлерді беру механизмін жетілдіріп, жеңілдету керек,  деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы өз парақшасында сырт жайылымдарды игеру мәселесін көтерді.

 Жеке шаруалар үшін құдық немесе ұңғыма қазып көмектесу керек.Үкімет пен әкімдер алдағы 10 жылда қосымша 50 млн га жайылымды айналымға енгізуі керек,  деді ол.