Саясат

Қытай екі мыңнан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді

Жаңалық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Сыртқы істер министрлігінің кезекті брифингінде ведомство баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров Қытай территориясынан шыға алмай отырған Қазақстанның 14 азаматы туралы айтты. Бұл туралы БАҚ-қа Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы сілтеме жасап хабарлайды. 

"Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның 14 азаматы әлі күнге дейін Қытайда. Олар әртүрлі себеппен Қытайдан шыға алмай отыр. Біздің консулдар ол азаматтарға көмек көрсетіп жатыр. Қытай тарапымен дипломатиялық арналар арқылы жұмыс жүргізіп жатыр. Қытай тарапы 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат бердіә, - деді СІМ баспасөз қызметінің басшысы.