Саясат

Тоқаев АҚШ-қа барды

АҚШ-қа қандай мақсатпен барды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі таңертең (жергілікті уақыт бойынша жексенбі түнде) Нью-Йорк қаласына барды.

Президент Нью-Йоркте өтетін Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысады. Оның аясында көптеген шет мемлекеттердің басшыларымен екі жақты кездесулер өтеді. Алғашқылары елорда уақыты бойынша бүгін 23:00-де басталады.

Хабар 24 телеарнасының мәліметінше, Президенттің АҚШ-қа келуі қарсаңында америкалық беделді басылым “The Hill” газетінде оның мақаласы жарық көрді. Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық инвесторлармен әріптестікті арттыруға ниетті екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан нарығында АҚШ компаниялары көп болуы тиіс деген ойын жеткізді.

Биыл Бас Ассамблеяның сессиясында кедейлікті жою, сапалы білімді дамыту сынды мәселелер талқыланады.

Қазақстан президенті тұрақты даму, азық-түлік қауіпсіздігі, білім және денсаулық сақтау салаларын дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселесін қозғайды.