Weekend
Даулы мәселеге айналды
Испанияның Жоғарғы соты диктатор Франсиско Франконың мәйітін эксгумациялау туралы шешім қабылдауы керек, деп хабарлайды BBC.
Социалистік үкімет мемлекеттік кесенедегі мәйітті басқа аймаққа көшіруі керек. Бұл - Франки әулетінің ұсынысы.
Франциско Франко кім болған?
Франсиско Франко - 1930 жылдардағы азаматтық соғыста жеңіске жетіп, 1975 жылға дейін Испанияны басқарған адам. 1926 жылы 33 жасында Испаниядағы ең жас генерал болды.
1936 жылы Сол жақ халық майданы сайланғаннан кейін, Франко және басқа генералдар үш жылдық азаматтық соғыс тудырған көтерілісті бастайды.
Фашистік Германия мен Италияның көмегімен Франко 1939 жылы азаматтық соғыста жеңіске жетіп, өзін мемлекет басшысы - Эль-Каудилло деп жариялап, диктатураны орнатады.
Франко 1975 жылы қайтыс болғанға дейін билікте болды, содан кейін Испания демократияға айналды.
Ол Мадрид астанасына жақын жерде азаматтық соғыстан қаза тапқан ондаған мың адаммен бірге «Соғыста қаза тапқандардың алқабы» деп аталатын үлкен мавзолейде жатыр.
Эксгумацияны үкімет тамыз айында мақұлдады. Франконы әйелінің қасына Мадридтің солтүстігіндегі Эль-Пардо зиратында, басқа да саясаткерлер жерленген жерге апарып жерлеуді жоспарлап отыр.
Бірақ оған мүлде тиіспеуді қалайтын отбасы оны астананың дәл орталығында орналасқан Альмуден соборында - отбасылық табытта жатқанын қалайды.
Үкімет бұрынғы диктаторды оның даңқын шығаруға болатын жерде орналастыруға болмайды деп мәлімдейді.
Бұл дау қазір Испанияда нағыз саяси дағдарысқа айналды. Өйткені демократиялық үкіметтің өкілдері Франконың есімін еске алмауға, оның дәуірін жабық күйде қалдыруға тырысады.
1977 жылы қабылданған Рақымшылық туралы заң Франко басқарған дәуірге қатысты қылмыстық тергеу жасауға тыйым салады. Франконың мүсіндері алынып тасталып, көптеген көшелер фашистік өткеннің айқын белгілерін өшіру үшін өзгертілді.
2007 жылы Социалистік Үкімет қабылдаған тарихи еске алу туралы заң екі жақтың да соғыс құрбандарын мойындап және Франко диктатурасының аман қалған құрбандарына және олардың отбасыларына кейбір көмек көрсетіп келді.
Бірақ азаматтық соғыс нәтижесінде мыңдаған қаза тапқандарды іздеу және қайта жерлеу жұмыстары баяу жүргізілуде.
Жүргізілген қақтығыстар мен қатыгез қуғын-сүргін құрбандарының 100 000-нан астамы әлі күнге дейін табылмады.