Авторлық ертегі
Күніне 30-40 адам атылып отырған
Жанболат Мамайдың Сталиндік репрессияның шындығын баяндаған көлемді деректік фильмі жарық көрді. «Сталиннің қылмысы: ұлттық элита қалай жойылды» («Преступления Сталина: как уничтожали национальную элиту») деп аталатын фильмде Алаш қайраткерлері мен қазақ зиялыларын жоюға бұйрық берген «тұлғалардың» мінез-құлқы, жүргізген қанды саясаты жайлы баяндалады.
- Деректі фильмнің премьерасы 25 қыркүйек күні «Цезарь» кинотеатрында өтуі керек болатын. Алайда Қазақстан билігі бұл фильмді көрсетуден бас тартты. Соған орай, деректі фильмді Youtube-те жариялауға мәжбүр болдық, - деп жазылған сипаттамада.
Ал Жанболат Мамайдың өзі «репрессия жылдары – қазақ тарихының ең сыры мен шындығы ашылмаған, ақдаңдақтары көп, саяси жағынан баға берілмеген кезеңі» дейді.