Weekend

Құран ғаламның жаратылуы жайлы не дейді?

Әлем қалай пайда болған?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Физика - Құран

Авторын білмей оқылған білімнің барлығы түнекпен тең дейді дініміз. Ал адам оқитын ғылымның барлығының авторы - Құдай. Бір сала бойынша жаңалық ашылады, артынан мұның жауабы Құранда айтылып қойған дегенді оқығаныңыз анық. Физика саласындағы осындай бірнеше заңдылықтармен бөліссек.

"Әлем қалай пайда болған?". Бұл сұраққа физик-астрономдардан ұсынылған гипотеза және құран тәпсіршілері ұсынған факт бар. Бір қызығы, екеуі де бір-біріне сәйкес келеді. 

Физик-астрономдар:

Бүкіл әлем алғашқыда бір тығыз күйде болған. Ауқымды жарылыстан соң түрлі сәулелер шашыраған. Бір-бірін тартатын бөлшектер біріге бастап тұманды (түтінді) жиынтықтар пайда болған. Уақыт өте оның ішіндегі альфа-гамма сынды өзіндік ерекшелікті көптеген бөлшектер біріге бастап жер құрылымы, су бөлігі,ауа сияқты бөліктерге бөліне бастаған. Және басқа жинтықтарда осылай дамып шексіз көп жұлдыздар шоғыры (галактика) пайда болған.

Құран:

Ғылым анықтағандай, түнде көріп жүрген жұлдыздарымыз мн бүкіл ғалам сияқты алғашында түтін болған. Құранда да аспан әлемінің алғашқыда бейнебір түтін болғандығы айтылады. Бұған байланысты Құдай Тағала Құранда былай деген:

«Кейін Алла түтін болып тұрған көкке жөнелді...». (Құран 41:11).

Аяттың арапша нұсқасындағы «Духан» сөзі қазақшада «түтін» дегенді білдіреді. Аятта ашық-айқын түрде аспан әлемінің алғашқыда «түтін» болғандығы айтылып тұр.

Мұнымен қатар, жердің өзі және оның үстіндегі аспан (күн, ай, жұлдыздар, планеталар, галактикалар және т.б.) бәрі дерлігі «түтіннен» пайда болғандығына қарап, бастапқыда жер мен аспан біртұтас болған еді деп қорытынды жасауға болады. Содан кейін ғана олар біртектес «түтіннен» құралып, бір-бірінен бөлініп кетті. Жер мен аспанның біртұтас болғандығы жайында Алла Құранда былай деген:

«Иман келтірмегендер аспан мен жердің біртұтас болғандығын көрмей ме (пікірлемей ме?), содан кейін біз ол екеуін ажыраттық (бөлдік)...?» (Құран 21:30).

Әрине ғалымдарда гипотеза ғана. Дегенмен ұсынған тұжырымына қарап ғылымның дамуына жоғары баға беретін едім.