Саясат
Әлемді «мұз дәуіріне» қайтарып, өлім саны 125 миллионға жетеді
Жаңа зерттеуге сәйкес, Үндістан мен Пәкістан арасындағы ядролық соғыс 50-125 миллион адам өліміне әкелуі мүмкін, деп хабарлайды «Express» сайты.
Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Үнді конституциясындағы 370-баптан бас тартқаннан кейін даулы Кашмир аймағындағы шиеленістер адам сенгісіз жағдайға жетті. Үнді конституциясына сәйкес, 370-бап Кашмир және Джамму аймақтарына ерекше мәртебе берілген еді.
Содан бері Моди де, Пәкістанның Имран Хан да соғыс басталып кетуі туралы ескерткен болатын.
«Science Progress» журналында жарияланған есепке сәйкес, кез келген ықтимал қақтығыс аймаққа үлкен шығын әкелуі мүмкін.
Екі ел арасындағы шиеленісті, тіпті, «қырғи қабақ соғыс» кезіндегі АҚШ пен Ресей орнатқан апатпен салыстыруға келмейді.
Баяндамада «егер Үндістан мен Пәкістан арасында соғыс болатын болса, онда бұл елдердің өзінде 50-125 миллионға дейін адам өлімі, аймақтық апат болуы мүмкін» делінген.
Жақында Пәкістанның үкімет басшысы Хан мырза Біріккен Ұлттар Ассамблеясына ядролық жанжалдың туындауы мүмкін екенін ескерткен болатын.
Сонымен қатар, баяндамада қақтығыс соңғы мұз дәуірінен бері байқалмаған қоршаған ортаға үлкен әсер ететіні және түрлі жағдайларды туғызатындығы атап өтілді.
- Климат өзгеріп, мұз дәуірінен бері болмаған суық температура орнауы мүмкін. Одан бөлек, тамақ өнімдері жойылып, жаппай аштық жайлауы ықтимал, - дейлінген баяндамада.
Бұл екі елдің шанжалдасып келе жатқанына 70 жылдың жүзі болды.
Соғыс деп санауға болмаса да, Кашмирдегі террорлық шабуылдар кезінде 44 үнді әскериі өліп, шиеленістер одан әрі күшейе түсті.
Бұған жауап ретінде Моди «Джайиш-е-Мохаммед» әскери тобының лагеріне әуе шабуыл жасауды бұйырды.
Пәкістан территориясын бұзғаннан кейін екі үнді ұшағы атылып, осылайша екі ел жалпы беттік соғыс жағдайында қалды.