Bugin.kz серіктесі күміс жүлдеге ие болды  - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Limon.kz туристік операторы

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасының серіктесі әрі елдегі ішкі туризмді дамытып жүрген Limon.kz туристік операторы жыл сайын өтетін "zhetysu travel awards 2019" премиясында күміс жүлдеге ие болды. 

Айта кету керек, аталған байқау жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Бұл байқауға ішкі туризмді дамытып жүрген жеке компаниялар, агенттіктер мен туристік операторлар қатысып бақ сынайды. 

Limon.kz туристік операторымен бірге  Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы "Кеттік, Bugin" арнайы жобасын іске қосқан болатын. Аталған жобаның негзігі мақсаты: ішкі туризм саласын дамыту, оқырманға киелі жерлерді, табиғаты көздің жауын алатын қазақ даласының кереметтерін насихаттау және тарихи мекендерге сапар жасау арқылы құнды жәдігерлер, аңыздар, деректер бойынша ақпарат беру. 

Тағы оқыңыз: Турист жазбасы: Ясауи атамыз бен оның кесенесі туралы не білеміз?

0 Пікір Кіру