Weekend
Білім саласындағы өзгеріске дайынсыз ба?
ХХІ ғасыр – ғылым мен технологияның дамыған кезеңі. Бұл ғасырдың басты талабы білімді теориялық негізде қалыптастыру емес, тәжірибе жүзінде іске асыра отырып, қоғамға, әлемге пайдасы бар жаңа бағыт қалыптастыру. Атап айтқан кезде: роботтар, жасанды сана, ғарышты т.б. зерттеу.
Ғаламтордың дамуымен бірге онлайн білім беру формалары да қатар пайда болды. Кезінде тек шетелдіктер ғана қашықтықтан, онлайн сабақтар арқылы білім алады деген ой қазір біршама сейіліп, қазақстандықтар да біртіндеп ғаламтор курстарына көше бастады.
Оқушылардың, студенттер мен басқа да білім алушылардың онлайн арқылы білім ала бастауына оның қолжетімділігі себеп болып отыр. Ең алдымен, баға саясаты жағынан онлай сабақтардың офлайннан әлдеқайда тиімді. Яғни, сабақ бағасы арзандау. Одан кейін сабақты кез келген уақытта қайталап, сүзгіден өткізіп, қажетті жерлерін түртіп отыруға мүмкіндік бар.
Ал оффлайн режімде білім алудың қиындығы да сол – оқытушымен тікелей жұмыс жасаудың қажеттігі. Сабақ өтетін мерзімі пен орынды таңдау, топты табу, оған бару сынды артық күш пен уақытты талап ететін дүниелер бар.
Оффлайн білім дегеніміз – балабақшадан бастап, жоғары оқу орыны, институт секілді арнайы білім жетілдіретін орындарда дәріс алу, тәжірибе алмасу. Бұл білім жүйесінде, негізінен, қағаз бен қалам серігіңіз. Дәріс беретін ұстаз қасыңыздан табылып, бәрін түсіндіруге және сізден түсінген дүниені қайта айтып беруді талап етеді.
Онлайн білім дегеніміз – кез келген жерде, қашықтан болсын, жақыннан болсын шәкірттің білім алуына қолжетімді орта. Бастысы, бұл жерде қалам мен қағазды талап етпейсіз. Интернет пен компьютер, тіпті, смартфон болса жеткілікті. Сізден талап ететін нәрсе - берілген сұрақтарға жауап бере отырып, келесі сабаққа дайындалу ғана.
Online vs Offline білім жүйесі: Айырмашылық қандай, ерекшелігі мен кемшілігі
Оффлайнның артықшылықтары:
- Оқытушымен шынайы байланыс, эмоционалдық байланыс бар;
- Оқытушы сабақ оқуға мотивация берумен болады (қорқытып болсын);
- Онлайн үйрете алмайтын сабақ пен дағдылар болуы мүмкін, мәселен, актерлік шеберлік, ән айту, би билеу, т.б.
- Тәжірибені көзбе-көз, қолма-қол түрде беруге болады.
Онлайнның артықшылықтары:
- Бағасы арзан;
- Уақытты үнемдеуге септігі көп: ғаламтор бар жер болса болғаны, алысқа барудың қажеті жоқ;
- Сабақтың түсінбей қалған жерлерін қайталауға, табуға оңай. Топпен жұмыс кезінде түсінбей қалатын жерлер көп болады; (әсіресе, тұйық оқушылар тақырыпты түсінбесе де үндемей отыра береді)
- Еркіндік бар, қалаған уақытта оқып, қайталап, сабақ үйренуге болады;
Оқытудың екі түрі де артықшылықтарға ие. Соған қарамастан қазір онлайн оқытуға деген сұраныс жоғары боп тұр. Әсіресе, онлайн оқыту қарапайым, ыңғайлы болғандықтан, жұрттың да таңдауы осыған түсіп тұрған сыңайлы. Осы салада стартап бастап, жаңа саланы игере бастағандардың айтуынша, қазір Қазақстан халқы онлайн оқытуға дайын әрі алдағы уақытта ғаламтор курстарына деген сұраныс артпаса, кемімесі анық.
- Біз мектеп пәндерін оқытуға арналған онлайн-порталды жасауға былтыр кіріскен едік. Иә, басында сын көп болды. Әсіресе, Қазақстан азаматтары мұндай жаңашылдықты қабылдай алмайды, оған ешкім бармайды дегендей сындар айтылды. Мұндай пікірдің шынайы өмірді тексеріп көру үшін мектептерге барып, сынақ тәжірибелер жүргіздік. Сонда оқушылардың да, ұстаздардың да қызығушылық танытқанын байқадық. Ал кейін әлеуметтік желіге видеосабақтарды салғанымызда, ата-аналардың өзі бізді іздей бастады, - дейді Daryn.online жобасының авторы Бөгенбай Серікбай.
- Оффлайнның басты қасиеті де сол – адамдармен жанды байланыс орнатуда. Мұны, өкінішке қарай, әзірше ешқандай онлайн платформа алмастыра алмайды. Алайда оффлайн бағасы арзандап, кейін дағдарысқа ұшырауы мүмкін, - дейді жоба авторы.
Тағы бір мамандардың айтуынша, оффлайн немесе дәстүрлі оқыту голограмма жасалып, жанама кеңістікке көшірілген кезде толық өшуі (өлуі) мүмкін дейді. Ал әзірше оффлайнды да, онлайнды да кезек-кезек оқу арқылы білім жетілдіруді ұсынамыз.