Bugin

Адамдарды үгіттейтін үрдіс...

Тележарнама

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Айналамыздағы орналасқан биік ғимараттардан, сауда дүкендерінің бойынан, қабырғалар мен дүңгіршектерден бірінші болып көзіңізге не түседі? Әрине, жарнама.

Жарнама –  сатып алушыға үшін тауарды тартымды көрсететін тиімді әрі ақылы әрекет. Нарықтық экономикада кәсіпкердің алдында тауардың сапасы ғана емес, өнімді жұртшылыққа қалай өткізу керек деген сияқты мәселелер тұрады. Ал ол кезде сізге оңтайлы нәтижесін беретін жарнама көмекке келеді.

Жарнама –  тауардың нарықта жылжуына қолдау көрсетуге бағытталған ақпарат. Адамдарды бір іске үгіттейтін үрдіс. Өз қалаңызды жарнамасыз елестетіп көріңізші? Онда жарнамасыз әлем жетістіктерінен бейхабар қалар ма едік? Ғылымдағы, өнердегі, мәдениеттегі жетістіктер болсын кез келген саладағы жаңалықтар болсын, көлеңкеде қалар еді.

Қазіргі таңда жарнаманың түрі өте көп. Мәселен, сыртқы жарнамалар, афишалар, түрлі-түсті жазбалар, жарнамалық роликтер, баспасөз, сайт, радио мен телеарналардан берілетін жарнамалар. Жарнама хабарларын поштамен тарату ең қарапайым түрі болса, жарнама тәсілінің ең қымбат түрі – тележарнама. Газет пен журналдағы жарнамаға келсек, оның құны беттеріндегі қолданылған ауданының әрбір шаршы сантиметрінің бағасымен есептелінеді. Сонымен қатар жарнамадағы ақпарат жарнама берушінің қалауы бойынша орындалады. Егер ондағы мәліметті орыс, өзбек немесе басқа да тілде таралуы тиіс десе автордың өз еркінде. Тек оның аудармасы мағынасын бұрмаламауы тиіс.

Қазіргі сәтте әлеуметтік желілерде өз аудиториясын қалыптастырып үлгерген маркетингтік жарнама деген дүние бар. Бұл жарнаманың басқалардан ерекшелігі белгілі бір аудиторияда ғана болады. Көпшілікке түсінікті болу үшін мысал келтіріп көрелік. Сіздің тауарыңыз ерлерге арналған қол сағат. Демек, сізге ер адам, жасы 18 бен 25 аралығындағы үйленбеген тұтынушы қажет. Осындай көптеген критерийлер арқылы өз аудиторияңызды жинайсыз. Бұл жарнаманың таралу деңгейі Вконтакте, Facebook, Instagram желілерінде басым.

Жарнамалық жариялаудың түрі тауарды тұтынушыға көрсету әдісіне байланысты. Олар тауардың ұтымды жақтарын,қажет жағдайда тауарды қолдану тәсілдерін көрсету,тауардың жағымды жақтарын анық көрсету сияқты. Осындай әдістер арқылы өз тауарыңызға тұтынушы таба аласыз. Жарнама өзіне кеткен ақшасын қалайда болсын ақтайды. Тіпті, оған күмәніңіз болмасын. Тек жаңа идеялар мен тың ойларды өмірге әкеле білуіңіз керек.

Қақпан құрып, ірімшік қоюды ұмытпа деген мақал бекерге айтылмаса керек. Елді қызықтыру үшін жарнамаға түрлі әдістерді қолданады. Жұрт біле бермейтін жарнама кезінде қолданылатын біраз айла шарғылар бар. Мысалы, бейне роликтердегі мұз кесектері еріп кетпеуі үшін акрилден жасалады. Ал сусындардағы көпіршіктер ыдыс жуу құралының әсері. Сусыннан жарық сәулесі анық көрінуі үшін су қосылады.

Жарнаманың бізге тигізер көмегі көп,берер пайдасы мол. Алайда алаяқтар жасаған жарнамаларға алданып қалмаған жөн.