Саясат
Ислам тыйым салады
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Иранның жоғарғы басшысы Али Хаменеи ядролық қару жасауға ислам тыйым салған деп мәлімдеді. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
- Ядролық бомбаларды құру және көбейту - дұрыс емес. Ал оларды қолдану - харам [дінмен тыйым салынған]. Бізде ядролық технологиялар бар, бірақ оны Иран қолданғысы келмейді, - деп атап өтті Хаменеи.
Жазда, шілде айында халықаралық БАҚ-та Иран ядролық қару жасауды тағы бастады деген хабар тараған еді. Содан кейін АҚШ Иранға қарсы санкциялар салып, оны айыптауға кірісті.