Саясат

Зеленский Донбасс жайлы: Екі күнде бір адам қайтыс болып жатыр...

Зеленский: Соғысты тоқтатқымыз келсе, Путинмен көзбе-көз отырып сөйлесуіміз керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Зеленский Донбастағы және Украинадаға украин халқын бөліп-жармайтынын, адамның өмірі мен тағдыры бірінші орында екенін айтады.

Оның пікірінше, қазіргі үкіметтің сол кездегі басты қателігі - бұл соғыстан қашқандарға лайықты жағдай жасай алмауы. Соның кесірінен соғыстан қашқан азаматтар қайта Донбасқа оралуына тура келді. Соған қарамастан, украин азаматтығынан бас тартқан емес.

- Өзін украин ретінде сезінетін адамдарға айтарым, біз сіздерді тастамаймыз, тығырықтан алып шығамыз, - деді Украина мемлекетінің басшысы баспасөз мәслихатында.

Сөз барысында Зеленский Путинмен бетпе-бет кездескісі келетінін, сонда ғана мәселе шешілетінін айтты.

- Біз бір-бірімізді көзбе-көз көруіміз керек, кім нені қалайтынын түсініп, нақты қадамдарды, қашан және қалай соғысты аяқтайтынымызды түсінуіміз керек, - деп түсіндірді Зеленский.